Погода +3oC
$332.21=
391.74=
5.57=
Опубликовано: Вт, Ноя 27th, 2012

В ЗКО, в райцентре Каратобе жителям отказываются подключать газ из-за установки самодельных котлов (ФОТО+Видео)

В Каратобинский район природный газ начали проводить всего два года назад, но и за это короткое время тут не обошлось без скандалов. Жители заплатившие за голубое топливо еще летом, поставили самодельные котлы, разобрали старые печки и готовы были открывать шампанское. Но уже зима, газа нет, а АО «Аркагаз» обязавшаяся выполнить все работы отказывается его подключать, требуя документов на установленное оборудования.

Прибыв на место и поговорив с властями, мы узнали, что проблема нашла временное решение. АО «Аркагаз» взяло на себя ответственность и на один сезон газ жителям все же подключат.

Асылбек Елекенов утверждает что на улице теплее, чем дома. Побывав у него в гостях, мы в этом убедились.

Сыну Бибинур нет еще и года, а он не встает с колыбели, так как дома очень холодно.

В ожидании, когда газ потечет по трубам.

Местные жители три дня пытались дождаться ответа от властей.

Старые печки на радостях были разрушены.

Кайрат Кожаев отправил всю семью в город к родственникам.

Посредники утверждают до 30-го газ подключат всем

Подключать котлы начали во время нашего приезда, на момент съемки уже было подключено 4 дома.

[youtube]
[/youtube]

Назы жоқтың, газы жоқ

 Облысымыз газ өндіруден ел алдында болғанымен, көгілдір отынның қызығын көре алмай отырған ауылдар баршылық. Қаратөбе ауданының тұрғындары газ өткізе бастағалы не бары екі жылдың жүзі болса да, бұл істе дау-дамай пайда болып та үлгеріпті.

Суық жағдай

Қайрат Қожаев өзінің жанұясын қалаға туыстарына жіберген. Саман тастан салынған үйінің іші сырттағы ауадан да суық. Алты бөлмесінің тек біреуін ғана пайдаланады, қалғандарының есіктерін кілттеп жауып қойған. Сәл ғана жылы болсын деп, киімін де шешпей жүреді.

—         Газ өткізу үшін не керек бәрін дайындап қойдым. Жаңа пеш болатын жерден терезе де салдым, котелын да орнаттым, ақшасын да түгел төлеп қойдым, ал газдың үйге кіретін түрі де жоқ. Енді, ең болмаса, тезек жағып үйді жылытайын десем де бұрынғы пешім жоқ, — деп мән-жайды түсіндірді.

Үстіміздегі жылдың тамыз айында Қаратөбе ауданының тұрғындары газ өткіземіз деп қуанып, ескі пештерін бұзып, сыртқа шығарып тастапты. Бұл асығыстық үкімет басындағыларға қатты сенгендіктен бе, әлде отын жағып күн көрген кездерін тезірек ұмытайын дегеннен бе, белгісіз.

Бұл жағдайды мүшкіл десеңіз, келесі үйде бұдан да күйсіз көріністі байқадық: кішкентай бүлдіршін бесіктен тұрмай, әрдайым тоқпен істейтін жылытқыштың жанында жатады екен. Бір жасқа толмаған балаға бұндай күн көріс пайда әкелмейтіні, әрине күмәнсыз.

Былтырғы жылдары қаражаты жетпей, газ кіргізіп үлгермегендердің арасында Асылбек Елекенов те бар. Биыл мінеки, ол қолындағы малын сатып, керекті ақшаны төлеп, көгілдір оттың қызығын көрем дегенде, үйге келіп тұрған отынды қоса алмай отыр.

—         Былтыр кіргізгендер де, оған дейінгілер де барлығы қолдан жасалған котелды пайдаланып отыр. Ал енді біздің кезекке келгенде, «үкімет тыйым салды, болмайды» деген сылтаулармен қоспай отыр, — деп Асылбек өзінің жағдайын айтты.

Ауыл тұрғындары көгілдір отынды өткізу мәселесімен айналысып жүрген азаматтарға наразы екенін ашық жеткізді. Мердігер болып жүргендер ақшаны сұрай беретінін, және орнына не түбіртек, не қолхат бермейтіндігін де айтты. Жалпы бұл мәселеде қаражат жұмсалу жағы қараңғы. Неге десеңіз, кейбір тұрғындардың үйлеріне кіргізген газға 180-200 мың теңге сұралса, ауладағы сарайына өткізу үшін де дәл осындай сомманы талап ететін көрінеді. Шыдамы таусылған тұрғындар аудан прокуратурасына «үйімізге келіп тұрған газды өткізе алмай отырмыз» деп шағым жазды. Олар бір ауыздан қалтамыздан тағы да 30-40 мың теңгені жұмсап зауыттан шығарылған қоңдырғыны орнатуға шамамыз жетпейді деп наразылығын білдірді. Тағы біреулері осы жағдайды басшылар алдын-ала неге ойламайды деп жекіді.

Жиналып қалған сұраққа жауап іздеп, аудан әкімшілігіне жол тарттық.  Тұрғындардың салқын үйлерін аралап, әбден тоңғандікі ме, әйтеуір бастықтардың жайлы кабинеттерінен әлдеқайда жылынып алдық. Өкінішке орай аудан әкімі орнында болмады, бірақ оның орынбасары Ришат Иманғалиев қойған сауалдарымызға былай деп жауап берді:

—         Осы айдың 21-і күні бізге ауыл тұрғындары, туындаған мәселе бойынша түсінік беруіңізді сұраймыз деп, жиналып келді, ол рас. Бірақ мәселені шешетін біз емес, онымен арнайы айналысатын мекеме бар «Аркагаз» деген, газ қосуға рұқсатты беретін де солар. Осы күнге дейін олардың өткізбеген себебі бір адамның құжаты жоқ, тағы біреуі толық соммасын төлемеген, сол себептерден барлығына бірдей қосатын мүмкіндік болмады. Енді бұның бәрі шешілді, қазір біздің сұрауымыз бойынша, қаладан қосымша газ өткізетін маман жіберілді. Біздің есептеуіміз бойынша құжаты дайын, қондырғылары істеп тұрған 100 шақты үй бар, соларды бір-екі аптада жүйеге қосамыз.

Ауданның статистика мәліметтеріне сүйенсек Қаратөбе ауылы бойынша барлығы 720 үй бар, соның 60%-ы көгілдір отынды толығымен өткізіп болған.

Кім кінәлі?

Сонымен орын алған жағдайға қанық болып, біздер газ өткізіп жүрген азаматтардың жауабын тыңдағымыз келді. Өңірде көгілдір отынды өткізу мәселесімен «Аркагаз» АҚ-ы айналысады екен. Сол мекеменің ендігі талабы бойынша газ қосатын әр құрылғының құжаты және сапасын растайтын қағаздары болуы қажет, бірақ осы мекеменің аудандағы мастеры Ибатолла Темиров, былай деп түйді:

—         Бұл үкіметтің қаулысы тамыз айында шықты, ал хабарламаны біздер көшеге қыркүйекте ілдік. Ол кезде тұрғындардың барлығы жаз мезгілінен қамдана бастағаннан кейін, қолдан жасалған «котелдарды» орнатып қойыпты. Енді қазір бұл мәселе уақытша шешімін тапты. Екі жақты келісім бойынша «Аркагаз» АҚ-ы барлық мәселені өз мойнына алып, тұрғындарға өз рұқсатын берді. Міне дәл бүгінгі күннен, газ қосуды бастап та кеттік. Бүгін төрт үйді ғана қостық. Жалпы ақшасын төлеп дайын отырған үйлердің барлығын қарашаның 30-на дейін бітіреміз деп жоспарлап отырмыз.

Ауылдан шыға бергенімізде бір адам жанымызға келіп, облысқа «МИМАКС» деген газ котелдарының үлкен партиясы келгенін, және соны өткізу керек болғасын қондыртып жатқанын айтты. Кімнің кім екенін, қай жерден көруге болатының жаңа заманның мақалы оңай түсіндіреді. Бұл жағдайда кім шындық, кім аузына келгенін айтып отырғанын бір-екі аптада білетін боламыз.

kazenergy.com сайтының мәліметтеріне сүйенсек Қаратөбе ауданы ауылдарын газдандыру биыл да жалғасады. Қалдығайты, Үшағаш, Соналы ауылдарына 324 млн. теңгеге газ құбыры тартылмақ. Жыл аяғына дейін осы елді мекендердегі барлық әлеуметтік мекемелерге «көгілдір отын» жеткізілмек.

Тұрар Төлегенов

 

 

5 комментариев
  1. Павлик says:

    У меня дома такой же котел на на фото внизу. При подключении в городе газовики вообще ни каких вопросов не задавали. Подключили и все. А это наверно денег хотели?!

    0
    0
  2. Тахеон says:

    Котлы самодельные, но горелки на них стоят стандартные заводского изготовления, и у всех владельцев на них есть паспорта завода-изготовителя. Котлы эти атмосферные водогрейные и не подпадают под действие правил безопасной эксплуатации котлов и сосудов, работающих под давлением. Насколько я помню правила газовой безопасности, в них нет запрета использования в индивидуальных малоэтажных домах водогрейных котлов не заводского изготовления. Единственное требование — дымовые газы по пути от горелки нигде не должны двигаться вниз, а горизонтальные участки дымовой трубы должны иметь уклон в сторону котла. Это безопасность при погасании пламени горелки. А в остальном газовики к теплообменной части котла имеют такое же отношение как и к кастрюле на газовой плите в которой варится суп.
    Хочу посоветовать землякам попросить представителя АО «Аркагаз» «показать то, что он сказал» — пусть он укажет какой пункт и каких правил Вы нарушили.
    Скорее всего «газификаторы» планировали заработать и на котлах , но люди приобрели не их котлы существенно сэкономив деньги. Конечно обидно, куда теперь девать залежавшиеся на складе и никому ненужные котлы? Вот и высосали из пальца аргумент для запрета — «самодельность».

    0
    0
  3. Тахеон прав — пусть укажут пункт какого нормативного документа они нарушают! Они не имеют права требовать устанавливать заводские котлы, они не государственный уполномоченный орган!

    0
    0
  4. Земляк says:

    Ай жарайсындар, теперь Каратоба как пригород, за 2 час доехать можно и с газом, от туда если работа есть никуда не нужно уезжать.
    с уважением ваш земляк

    0
    0
  5. Polukazax says:

    С этого года в КазТрансГаз Аймак привезли котлы АОГВ (автоматы)и заставляют их реализовывать, но по завышенным ценам! Дабы выполнить план, было создано новое требование при сдачи новых жилых объектов в эксплуатацию, подчеркиваю НОВЫХ. Подогнали свои нормативные требования, под свои нужды! Сам работаю в газовом хозяйстве и хорошо знаю эту кухню!!! Поэтому любой подрядчик скажет Вам что самодельные котлы не пройдут при приемке! Суть заключается не в котле, а в автоматике горелки!

    0
    0
x
2017-11-18
Утром3 ℃
Днем3 ℃
Вечером1.38 ℃
Ночью-0.54 ℃
Влажность100 %
ДавлениеhPa 1036.19
Скорость ветра4.86 м/с
2017-11-19
Утром-0.83 ℃
Днем1.89 ℃
Вечером0.82 ℃
Ночью1.62 ℃
Влажность94 %
ДавлениеhPa 1034.34
Скорость ветра5.91 м/с