Погода +2oC
$316.56=
342.14=
5.52=
Опубликовано: Пт, Июн 12th, 2015

Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры халықаралық фестивальдің бас жүлдесін жеңіп алды

Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры Керчь қаласында 5-10 маусым аралығында өткен «Боспорские агоны» халықаралық антикалық өнер фестивалінің бас жүлдесін жеңіп алды.

каздрам

Қырым жерінде осымен он жетінші рет ұйымдастырылып отырған айтулы додаға батысқазақстандықтар Еврипидтің «Троя аруларымен» қатысты. Жиырма алты адамнан тұратын топты театр директоры Қуаныш Амандықов пен бас режиссері Мұқанғали Томанов бастап барды.

«Троя аруларын» Орал сахнасында тараздық белгілі режиссер, Ш.Айтматов атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты Қуандық Қасымов биыл сахналаған болатын.

«Троя арулары» трагедиясы үшін батысқазақстандық театр аталмыш фестивальдің бас жүлдесі — «Боспор Никасымен» марапатталды. Сонымен қатар Гекуба ролінде ойнаған театр актрисасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бибігүл Исалиева «Ең үздік әйел бейнесі үшін» аталымымен марапатталды. Қазақ театр өнерін әрдайым жоғары бағалайтын Ресейдің халық әртісі Александр Голобородько бастаған қазылар алқасы және фестивальді ұйымдастырушылар Татьяна Умрихина мен Елена Клименколарға ризашылығымызды білдіреміз», деді қуанышты хабарды жеткізген Қ.Қасымов.

каздоам

Еске сала кетейік, батысқазақстандық театр бұдан бұрын да халықаралық, республикалық өнер байқауларына қатысып, олжамен оралып жүрген болатын. Әсіресе, 2012 жылғы қазанда Қостанай қаласында Ілияс Омаровтың 100 жылдығына арналған республикалық театрлар фестивалінде Григорий Гориннің «Атың өшкір Геростратын» (режиссері Мұқанғали Томанов) қойып, жеті бірдей жүлдені алып қайтқан еді.

каздоам2

inform.kz

Оставьте комментарий

Вы ввели: 0 из 2 000 символов.

x
2017-03-27
Утром2 ℃
Днем2.24 ℃
Вечером1.68 ℃
Ночью0.52 ℃
Влажность98 %
ДавлениеhPa 1015.67
Скорость ветра3.03 м/с
2017-03-28
Утром0.58 ℃
Днем0.58 ℃
Вечером0.85 ℃
Ночью0.92 ℃
Влажность96 %
ДавлениеhPa 1007.51
Скорость ветра7.32 м/с