Погода +20oC
$325.56
374.46
5.51
Опубликовано: Чт, Май 19th, 2016

Қажымұқан Ғабдолла — Күлейің бе, жылайың ба?

кажым  Бүгін әріптес інім Айболат БӨКЕНОВ халықты митингіге шығуға шақырғаны үшін сот шешімімен 15 тәулікке қамалды. Айболат телефоннан: “Қажымұқан аға, мені 15 тәулікке қамағалы жатыр” дегенде, сасқанымнан: “Қорықпа да, жасыма да, Айболат інім, жігітсің ғой, ертең-ақ шығасың!” — дедім. Басқа сөз түспеді аузыма. Күлейің бе, жылайың ба? “Жерім!” деп шырылдап жүрген інімді жүрегім елжіреп, аяп кеттім…
***

АЙБОЛАТ ІНІМЕ ХАТ!

Інім, Айболат, сенің менің қасымнан өзің бөлек кеткеніңе де бірнеше жыл болыпты. Былтыр мен шалғайда жүргенде сеннен жып-жылы хат алдым. Туған жерден алыста жүрген адамның жүрегі елін аңсағандықтан ерекше елжіреп тұратын сияқты… Сенің хатыңдағы әрбір жол сыйластық пен қимастыққа, әрбір сөйлем таңның шығындай таза да мөлдір сезімдерге толы екен…

«…Қажымұқан аға, мені қызметке алған да, жазу-сызуға ұстаздақ еткен де өзіңіз едіңіз. Маған көп көмек еттіңіз. Туған ағамнан де артық болдыңыз, – деп, бастапсың сен хатыңды, — Мені «Айболат БУКЕНОВ» еткен де Сізсіз! Сіздің қасыңызда 10 жылдан астам жүрдім. Рахмет, Сізге! Өмір бойы ұмытпаймын!!!»…

айболат

***
…Сенің әсерлі хатыңа жауап ретінде өзіңе деген шынайы пейіл, шын жүрегімнен шыққан сарабдал сезімдерімді білдірмекке мен де бекіндім.
Иә, аз уақыт емес. Менің Оралдағы пәтеріме 18 жасар кішкентай бозбала болып кірген сен қазір орда бұзар отыздан астың: Әйгерім сынды ғұмырлық сүйікті жарыңды таптың, Айлана есімді алтын бұрымды қызың бар…
***
…Қазір араға ондаған жылдарды салып, ой тереңіне үңілсем, Айболатжан, сенімен екеуміздің бірден және тез тіл табысып, шүйіркелесе кетуіміздің басты-басты бірнеше себеп-салдарлары бар екен…

Ең алдымен, тым-тым жастығыңның жұпары ма екен, сен әсіре таза һәм сенгіш едің. Жаныңның тазалығы мен жүрегіңнің кіршіксіздігі – өмірдің ыстық-суығы таңдайыма аямай татыған мені ерекше баурап алды…

Сосын, менің әрбір сөзіме үлкен адамдардай мұқият құлақ сал­ып, айна-қатесіз атқаратын елгезек те етітірі пысықтығың менің мырза көңілімнің төрінен орнықты орын тепкенге ұқсайды…

Сенің сол бір мұртың тебіндей бастаған бозбала шағыңдағы балалық балаң әңгімелерің айрықша әсерлі еді.

1988 жылы сені «Жасың толмайды» деп, 1-ші сыныпқа қабылдамай қояды. Намыстан жарылып, жыларманға келген сен сол кезде бүкіл мектеп мұғалімдерінің алдында «Көбейту таблицасын» түгілімен жатқа айтып беріпсің. Мұндай ғажайыпқа ұстаздар қауымы: «Балабақшаға бармаған бала көбейтуді қалай жаттап алған?» – деп, таң-тамаша қалып, ақырында, Айболат Ақболатұлы Бөкенов дейтін балақайды мерзімінен бұрын, 6 жасында мектепке қабылдапты.

Ересек тартып, ел көріп, бірде Орал қаласына сапарлай келгеніңде, қолыңа «Жүздесу» газеті түседі. Елге кеңінен танымал басылымдағы: «Сөзжұмбақтар дайындап әкелген адамға әр сөзжұмбағы үшін қаламақы беріледі» – деген сөздер көзің оттай басылады. Алты жасында «Көбейту таблицасын» жатқа соққан балаға «Сөзжұмбақ» деген не, тәйірі?!. Сен дереу сөзжұмбақтарды (сканворд) құрастыруға кірісіп, толық бір беттік сөзжұмбақты редакцияға жолдапсың да, туған ауылыңа тартып кетіпсің.
Арада біршама уақыт өткенде, ойыңда ештеңе жоқ,
ауылда жүргеніңде бір танысың: «Айболат, сен газетке шығыпсың ғой?!» — депті. Сен газетті көріп қатты қуанып, келесі күні «Қаламақы сыйлықты алайын» деп, арнайы қалаға жолға шығыпсың.

Сол бір кезеңде мен «Жүздесу» газетінің жүлдесі үшін «ЖҮЗДЕСУ АРУЫ» атты байқау өткізгелі жатқан едім, өзіңмен таныс­қасын, сенен осы жауапты шараларға қолғабыс беруіңді сұрадым.

Жүріс-тұрысы мығым, шаруалары тыңғылықты, сөзі аз, жұмысы көп жас жігітті мен қасымда қалдырып, тәрбиелемек болдым…

Сөз өнері – киелі өнер. Екінің бірі бұл өнерді меңгеріп кете алмайды. Бірақ, сен, Айболат інім, адал жүрегіңмен, таза пейіліңмен, еселі еңбегіңмен, табан ақы, маңдай теріңмен бұл асуды да бағындырдың. Уақыт өте келе ысылып, елдің есінде қалатын, жұрттың санасында жатталатын дүниелер жаздың.
Біздің отбасымыздың нағыз қолқанаты һәм қамқоршысына айналдың. Үйден шықсақ, қаладан кетсек, елден жырақтасақ – үй-мүлкімізді сеніп тапсыратын жалғыз сенімді серігіміз болдың!
***
Қазіргідей қатігездеу кезеңде «жүзден – жүйрік, мыңнан – тұлпар» асыл мінезіңді сақтауыңа тікелей тәлім көрсеткен сенің аяулы анаң Күміс апамыз бен асқаралы әкең Ақболат көкеміздің алдында бас игім келеді!
Аудан әкімшілігінің ауыл шаруашылық бөлімінде, кейінірек пошта саласында талай жыл бас есепші қызметін атқарған Күміс апамыз бен өмір бойы темір тұлпардың құлағында ойнап, беделді азаматтармен серіктес болған Ақболат көкеміз өзіңнен өзге Әділхан, Әділғали және Ерболат секілді атпал азаматтарды тәрбиелеп-өсірді.
Мен сенің ата-анаң мен біртума бауырларыңды сенің қашанда уайымдап, жағдайларын ойлап жүретін үлкен жүректі азаматтығыңа куәмін. Ықылым заманнан бері мұндай ыстық жүректі ықыластың тек таңдаулының ғана таңдайына татып, маңдайына бұйыратыны мәлім.
***
Айболат бауырым! Ер азаматтың өмір жолы әрдайым тақ­тайдай тегіс болмауы мүмкін. Біздің жайсаң Жайықтың топы­рағында да әділетсіздіктер аз емес. Әлсізді жаншып, қам­сызды қиратып жатады. Қолында қаламы ғана емес, жүре­гінде жалыны, кеудесінде намысы, болмысында рухы бар адам мықтымсығанның әділетсіздікті аяқасты етіп, таптап-жаншуына; адалдықтың нақақтан қиянат кешуіне жол бермеуге тиіс.

Бүгінде біреулер «оппозицияшыл» болып алды, бір ауыз әділ сөз немесе тура пікір айтсаң – «оппозиция» деп айдар тағып, құлағыңнан салбыратып іліп қояды. Әншейінде, «оппозиция» атанып, адал айтқандай болған іші арам, сырты күлдібалам дұшпандарымыз арамызда андыздап жүр.

Рас, мен «кедей – бай болсам дейді, бай – құдай болсам дейді» дейтін әсіре астамшылыққа, қып-қызыл қаны аққан қиянатқа, белден басып, аяқтан шалған әділетсіздікке қарсы күресіп келемін. Мен – әділетсіздік пен қиянатқа қарсы оппозициямын. Мен – қазақтың нанын жеп, қамын күйттемейтін харам кеңірдек келімсектерге қарсы оппозициямын.

Менімен дәмдес-тұздас болған біраз жылдардың тезінде, Айболат бауырым, менің талай тар жол, тайғақ кешулерден өткенімді өз көзіңмен көрдің. Әділдіктің жолы, адалдықтың соқпағы – әрқашан бұралаң-бұрылыстарға толы. Бұл бағытты таңдау – адамнан жоғарғы жауапкершілік пен табандылықты, адалдық пен ақылдылықты талап етеді. Кешегі күрескер бабаларымыз Сырым, Исатай мен Махамбет батырлардың қалдырған мирас-мұрасы — қазақтың сайын даласы мен қасиет­ті топырағы, ұлтымыздың тілі мен ділі, діні мен салт-санасы.

Осынау киелі қазынаға бүгін иелік ететін Сені мен Мен. Мұның өзі аса ауыр һәм абыройлы борыш.

Саяси күрес, адами түйсік, азаматтық белсенділік, ұлттық намыс – әрбір қазақ үшін ең қастерлі қасиеттер. Мінеки, жасың отызға ойысқаныңда, біршама ой тоқтатып, оң-солыңды ажыратып, пайымды пікір айта бастадың. Жайық даласында да, нарын құмында да, жалпы қазақ топырағында да, өзің айтпақшы, «Айболат Бөкенов» атанып, тиісті құрмет-абыройға жеттің, көптің – бірі, қолдың – кірі емессің…

Бірақ, халықтың құрметіне бөленіп, көпшіліктің көңілінен шығу — бір асу болса, осынау құрмет пен беделді сақтап-ақтап тұ­ру — шоқтығын бермес шың. Шыңға шығу соқпақтары тым-тым тайғақ һәм қауіпті. Табаның таймас үшін, қанатың талмас үш­ін әрдайым жақсының қасынан, әділдіктің басынан табылуға тиіссің…

Бұл жолда балалық құмарлықтарыңа тоқтау салуыңа, тіпті, құрбан етуіңе де тура келуі мүмкін. Әдетте, ертеңіне үміті мол, келешегіне сенімі кемел жігіттер ұлты мен еліне де, әрқалай өнерге де жақын келеді. Мысалы, сен нағыз еркектердің ойыны – футболды жаныңдай жақсы көресің. Лондонның «Челсиі» мен Мадридтің «Реалінің» жан берісер жанкүйерісің. Мұндай сергек көңіл, пайымды парасаттығыңа ағаң ретінде қатты қуанамын. Тек, көңіліме қаяу түсіретіні: соңғы кезде Қазақ Елінде кешегі қаптаған құмар ойындарының орындарын Букмекерлік мекемелер басып алды. Қалқам, есіңде болсын: бала-шағаның ауызынан жырып алып, құмарлық-нәпсіге салынған ақша ешқашан да, ешкімге де, ешқандай да табыс, тоқшылық, жақсылық әкелмейді. Атақты Шекспирдің: «Дос деп ойлап құшқаным, болып шықты-ау, дұшпаным!» дейтіні бар…
Кезкелген мұсылманның, кезкелген есі дұрыс, ақылы толық адамның бірнеше дұшпаны болады, олар: өсек, өтірік, арақ, шарап, темекі, насыбай, еріншектік, мақтаншақтық және Абай­дың әлгі «бекер мал шашпақ» дегені…

Қазақтың ақылының шыңы болып табылатын данышпан Абай атамыз тағы да былай депті:
«Әуелде бір суық мұз ақыл зерек,
Жылытқан тұла бойды ыстық жүрек.
Тоқтаулылық, талапты шыдамдылық,
Бұл қайраттан шығады, білсең керек.
Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боласың, елден ерек…»

Имандай шыным: сен де тегін адам емессің, Айболат інім!

Ағаңның ақылына құлақ сал! Жанашыр сөзді жүрегіңмен қабылда! Сабырға кел! Жақсыға – жақын бол, жаманнан – аулақ қон!
Әйгерімдей қосағыңның – қорғаны, Айланадай балапаныңның – берік бекеті болғайсың!

Елің – айналсын, көңілің – жайлансын!!!

Сәлеммен, ағаң Қажымұқан…

4 комментария
  1. Аноним says:

    Болашақ ұрпақтың өмірін ойлайық! Тыныштық пен бейбітшілікке не жетсін!

    0
    0
    • Басеке says:

      Кытайдын карауына барып тап солай деп отырып кетемыз.Ол саткындык, «тынышг болайык » деп отырып елымызден айырламыз.

      0
      0
  2. Аноним says:

    Арнайы комиссия құрылды. оған белсенді қоғам қайраткерлері кіріпті. Олар тиімді шешімге келед деп ойлаймын

    0
    0
  3. Tyrsynbek says:

    Өтірік айтудан шаршамайтын жағымпазданудан жалықпайтын қалалық облыстық депутаттарымыз қайда екен? Неге халық алдына шығып сөз алмайды неге жұмыс жасамайды? Қазағым деп? Депутаттарда намыс жоқ абырой жоқ барлығы бірдей қорқады халықтың үмітін үкілеп жатырмыз деп теледидардан сөйлеп еді енді қайда? Осындай заманда іс істемесе тындырып жатқандары шамалы. Құлшар мырза өзіңізден 30жас кіші баламен сайлауға түсіп жеңіп едіңіз енді жұмыс жасаңыз елім халқым десеңіз!!!

    0
    0

Оставьте комментарий

Вы ввели: 0 из 2 000 символов.

x
2017-07-20
Утром20 ℃
Днем20 ℃
Вечером20 ℃
Ночью20 ℃
Влажность51 %
ДавлениеhPa 1018.7
Скорость ветра2.86 м/с
2017-07-21
Утром20.49 ℃
Днем29.41 ℃
Вечером29.21 ℃
Ночью21.23 ℃
Влажность64 %
ДавлениеhPa 1016.33
Скорость ветра4.11 м/с