Погода +16oC
$326.97
381.05
5.45=
Опубликовано: Пн, Авг 1st, 2016

Жаңақалалықтардың осы күнге дейінгі пайдаланып отырған ауыз су түсінің өзі қорқынышты

Осыдан бір ай бұрын Облыс əкімі Алтай Көлгінов келгенде ауылдың зəм-зəм суынан шөлін басу керек еді — деп жазғам. Сол суды қара халық əлі күнге амалсыздан ішіп отыр. Жаңақалалықтардың осы күнге дейінгі пайдаланып отырған ауыз су түсінің өзі қорқынышты. Ал жағымсыз иісінен адам шыдау мүмкін емес. Жергілікті тұрғындардың айтуынша осы лас суды халық бір айдан бері тұтынуда. Бұл күнделікті тұтынып отырған ауыз су мен ағын судың сапасыз екендігін білдіреді. 

вода

Қазір ауылдағы күрделі проблема осы. Жұрттың бəрінің айтатыны осы əңгіме. Аталмыш проблеманың, яғни ауыз судың жақын арада дұрысталатындығына халық күмәнмен қарайды. Себебі бір күн емес, бірнеше күн болды, баяғы жар тас сол жартас.
Ауыз су мынадай болған соң, «Талап» дəріханасынан құтыдағы суды сатып алайық десек ол да жоқ. Ал мына сасық суды не былай да, не қайнатып та іше алмаймыз — дейді жаңақалалық тұрғындар.
Ия, осы мəселені шешпесе болмас.
Себебі, ауыз су ластанса, оның зардабын шегетін халық. Судың ластығы ағзада бірден сезілмейді, жылдар өте келе адамның әр жері ауыратын болады.
Құрметті Жаңақала аудан басшылары, ендеше халықтың және балалардың дені сау болсын десеңіз, таза су мəселесін шешіп берген жөн болар. Қалың жұртшылық ауыз су мəселесіне бей-жай қарамауын сұранады.

*

Акиму области Кульгинову в очередной его приезд в Жангалу надо дать выпить воду, которую пьют местные жители. А они пьют, некуда им деваться. Хотя цвет у этой воды такой, что поневоле испугаешься. Сейчас в Жангале для местных жителей нет острей проблемы, чем качество питьевой воды. Купить нормальную воду здесь негде, ее нет даже в аптеках АО «Талап».

19 комментариев
  1. гуля says:

    Лавр орынды босат… Жумыс жасай алмасан, баска халыктын камын ойлайтын быреу келсын! Бырак, ай- кайдам???…

    0
    0
  2. Жангалинский says:

    Жаңақала Комхоз бастығы Батырханов Мухтар ай қарап отырма, әлде қой бағып кеткен бе?

    0
    0
  3. Туркеш says:

    4 года тому назад населению района питьевая вода подавалась 1 час за сутки. И то качество оставляла желать лучшего. С приходом в район нынешного акима вопрос обеспечения населения чистой питьевой водой постоянно поднимается. Были установлены новые очистительные оборудования. С 2013 года чистая вода подается 24 часа в сутки. Говорят на следующий год в районе вопрос с чистой водой будет разрешен.

    0
    0
  4. Патриот says:

    Аудандағы ауыз су мəселесін түбегейлі шешу мақсатында соңғы жылдары бірқатар жұмыстар қолға алынуда. Соның бірі Нарын құмындағы (Жаңақазан ауылдық округі) «Құлшық» жер асты су көзінен Жаңақала топтық су құбырын тарту. Су құбыры аудан халқының 70%-ын таза сумен қамти алады, құбырдың ұзындығы 151 шақырым. Жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі дайындалды. Жобалық-сметалық құжаттамасын жасақтауға 28 766 мың теңге бөлініп, конкурстық жұмыстар жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарын 2017-2018 жылдары жүргізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, мемлекеттік бағдарламалар арқылы ауылдардағы су тазарту құрылғыларын ауыстыру, жаңарту, жаңадан құру жұмыстары жүргізіліп, таза сумен қамтамасыз ету жүзеге асырылды.

    0
    0
    • Кыйсық-камыс тұрғыны says:

      Соған диен лас суды ішу керек па кәзір? Болашақ жоспарынызды айтпандар. Тап осы уақыта кандай шаралар жүріп жатыр ? Немесе əлі улану керекпа!

      0
      0
  5. Казашка says:

    Ол су тазарганша курытылып битеди денсаулық.менде бұдан да коркынышты фото бар судың туси йод сияқты амал жок малдың ишетин суын ишуге тура келеді

    0
    0
  6. Жаңақалам says:

    Суреттте көрсетілген суды мақала авторы қайдан алған екен жерлестер? Мен бүгін ғана ауылдан келіп көріп отырмын. Су осылай болған жағдайда бірден жаппай ауыру тудырар еді. Мақала иесі қандай мақсатпен жазып отыр? ……Ел үшін бе, әлде тапсырыспа????????

    0
    0
  7. Жаңақалалық says:

    Жаңақалам деп ат жамылған әкім-сымақтың адамы. Не көзің көр соқырма? Сен қай үйден іштің суды? Басшылардың үйіндегі суды емес, қара халықтың үйінен су ішіп көрсеңші. Жоғарыда патриотпын деп отырған әкімшіліктің адамдары да мұндай су келіп отыр деп мойындап отыр. Керек десең әр үйден аққан судың суреттерін жариялайық. Балаларымыз ауру боп іштері ауыра бастады. Халықты еш ойламайтын басшылар адырам қалсын!!!!!

    0
    0
  8. Дамир says:

    Осыған жауапты басшыларды сотқа беру керек. Халықтың құны басшыларға бір тиын да құны болмады.

    0
    0
  9. Казашка says:

    Кайдан алып отыр деген не сөз көрсетті Жанакалам?су шын манинде сондай кейде типті одан да жаман лас.козинизди ашып караныз

    0
    0
  10. Азамат says:

    Фотоны қайдан алды деп таң қаладығой. Әрбір үйге кірсеңіз осы сасық суғой. Оны басшылардан сұраңыз, мұндай сасық суды халыққа қалай беріп отырсыздар деп!

    0
    0
  11. толя says:

    Воды бутилированной в городе хоть залейся неужели не привозят?Все эти родники кристальные акжаики чаво мышей не ловят какой рынок огромный для продажи воды?В 90 годах был в стройотрядах и тогда вода была привозной сливали в ямы во дворах.

    0
    0
  12. Асем says:

    Уже 20 лет живу на ДОСААФ в 5-ти этажном доме. Раньше вода была кристально чистой. В последние года 3 у нас такая же вода, а иногда и еще грязнее! Звонишь в Водоканал,они заявку принимают,но ничего не меняется,вода такая-же коричневая!

    0
    0
  13. Тұрғын says:

    Ауданымызда ауыз судың тапшылығы, сапасы сезіледі.Әрине, ауыз су проблемасы аудан тұрғындарын алаңдататыны сөзсіз. Ауыз суды беріп отырған Көшім өзені, басқа да өзендер ашық су көздеріне жатады. Өзеннен алынған суды тазартуы бар. Су тазартқыш қондырғы судың түсін ала алмайды. Қондырғы болған соң істен шығатыны бар. Ауданымызға қазіргі уақытта жер асты суын пайдалану болып отыр. Бөкейордасы ауданымен шекарада Құлшық жер асты су қоры орналасқан. Осы жөнінде жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ол жөнінде аудан әкімінің есепті жиналыстарында облыс әкімінің алдына қойылып жүр. Қазір құрылысының жобалық сметалық құжаттамасы дайындалу сатысында. 2017-2018 жылдарға құрылысын іске асыру жоспарланып отыр. Жоба іске қосылғанда ауданның 70 пайызы тазарту қондырғыны қажет етпейтін таза, сапалы сумен қамтамасыз етіледі.

    0
    0
  14. Ауылдас says:

    Жаңақалалық комментаторларға айтарым бәріңде жалған патриотсыңдар! Түймедейді түйедей жасамай, проблема бар екенін бәріде біледі, жыл сайын осы уақытта болатын нәрсе ғой, әкімдерді жамандағанда мүйіз шыға ма, әлде сол адамдардың орнына Сіздер отырғанда бірдеңе өзгерер ме, әкім кетер, орнына басқа адам келер, бірақ бұл проблемс шешілмейді ғой. ауыз су проблемасы глобалды нәрсе, бүкіл әлем бұл проблемсны шеш алмай келеді. Тек отырып алып клавиатураны соққанша, елге келіп қараңдар. Ешбір адам жаны шын ашымайды. Жер асты су көзі табылғанша, жер үстіндегі өзен суы тазармайды. Оған өздеріміз кінәлі. Демалысқа барамыз артын жинамай, қоқыстың бәрін суға ағызып, тастап кетеміз, көшеде көл суы келіп тұр, тұрбалары ескірген, оны оңдауға бюджетте ақша жоқ шығар, өзіміз кеште иірліп, әсіресе еркектер, 100 теңгенің шағуын алып, өсек соғып тұрамыз. Қасымызда құбыр тесіліп, аспанға су атып жатса, Мұхтардың немесе Елжастың проблемасы деп жатамыз. Ал ол су сол көлдің суы далаға тектен тек кетіп жатыр ау, бір-екі азамат барып, күрек алып, астын қазып, резинамен сым алып байлап тастауға арымыз жібермейді, ал ауылымзды жамандап елге жариялауға арымыз барады. Ұят. Ертең балаларымызға не таста

    0
    0
  15. Ауылдас says:

    Ертең балаларымызға не тастаймыз? Кеуіп қалған өзен мен көл? Ешкім тиін-тебенін сол тұрбаны ауыстыруға бермейді. Аяйды. Ауызбен билік соққан әрқашан жеңіл ғо. Ауыз суға дұрыс ақшасында төлемейміз, сол 30 теңгенің суын бақшаға құямыз. Көл суын зая кетәреміз. Бірақ ақыл айтуға, біреуді жамандауға әзірміз. Сол Комхозға 30-40 мың теңгеге жұмыс жасауға бармаймыз, айлап-жылдап еңбекақы ала-алмай жүруге әзір емеспіз, Себебі өзіміз судың, мусордың ақшасын уақытылы бермейміз. Ақыл айту оңай, ауылдастар. Нақты қызметке келгенде қиын.

    0
    0
  16. Талап says:

    Қолдарыңнан түк келмесе босатыңыздар бастықтар. Батырханов Мұхтар тек ақша жеуді біледі. Халыққа газ тартады аспандағы айды сұрайды. Су тартады аспандағы айды сұрайды. Сертеков деген азаматпен боқтық су үшін де таласып соттасты. Осы Камхоз басшысы Батырханов Мұхтардың араны үлкен, тойымсыз. Тек жұтуды біледі. Ал оның әйелі Әкімшілікте райфоның басшысы. Значит сыбайластық емеспе!!!

    0
    0
  17. Ауылдасқа says:

    Жақсы жұмысын ұйымдастыру білсе басшылар және халыққа жақын болса,ондай əнгіме жүрмес еді. 40 жылдан астам қондырғылар істеп тұрды, өзенен моп-мөлдір су келді . Ал кәзір не болды? Бірлесіп осы жағдайды шешу жолдарын табу керек. Су ең қасиетті бəріне, сондықтан ешкімді жамандамай, суды тазарту жолдарын іздестірейк. Суға жене қоқысқа төлемейтіндермен өзара ұйымдастыру жұмыстансын.

    0
    0
  18. da-da says:

    Повезло жангалинцам с акимом.
    Никто уже на него не надеется и ничего от него не ждут. Люди сами по себе. Кроме жалкого окружения акима.
    Походу скоро начнут самоорганизовываться и самоуправление в реале появится.
    А то привыкли к иждивенчеству, все им организуй и подавай на блюдечке с голубой каемочкой.
    Жизнь — это борьба. «Никто не даст вам избавленья: ни Бог, ни Лавр и не герой…»

    0
    0

Оставьте комментарий

Вы ввели: 0 из 2 000 символов.

x
2017-07-25
Утром16 ℃
Днем16 ℃
Вечером16 ℃
Ночью13.31 ℃
Влажность57 %
ДавлениеhPa 1017.37
Скорость ветра2.32 м/с
2017-07-26
Утром18.57 ℃
Днем26.27 ℃
Вечером25.52 ℃
Ночью15.53 ℃
Влажность59 %
ДавлениеhPa 1017.01
Скорость ветра5.01 м/с