Погода -5oC
$334.31=
355.17=
5.31=
Опубликовано: Ср, Ноя 2nd, 2016

Дариға Мұштанова — Сөйлеуді қойып, тыңдауды да ұмытып қалған сияқтымыз

муштанова «Ойға-көркем, тілге-шешен, сайын даланы сөз қуатымен басқарған ұлтпыз» деп бабалар өтті, біз өстік, балалар өсіп жатыр.
Солай ма, осы?..
Айналаңызға бажайлап қараңызшы. Не көрдіңіз? Сөйлеп тұрған халық бар ма? Бар. Не айтып тұр, тыңдаңызшы? Тост айтып тұр. Тост. Иə, иə тост. Бар болғаны сол ғана. Тойда да, қарада да, садақа, қонақтықта да асығып-аптығып, тост айтып тұрған бір қазақ. Тост дегеннің баламасы-тілек шығар, шамасы. Қалай атасаң да, мағынасы біреу-келген адам үйнемесе той иесіне, қаралы жанға тілек айтады.Болды.Қалғаны-гүрсітіп ішіп-жеу, сосын жапырлап тарау(үйге қайту).
Қонақтықта да сол. Тосттан басқа əңгіме жоқ. Біреу «басқа əңгіме айтуға болмайды» деп тапсырып қойғандай состиған отырыс. Мəдениеттіміз қатты. Ет пен шайдың арасында «өсек айтып қоймау үшін» карта ойнаймыз. Жер сабалап (осы күні ақ жайма жайып, тазалау жерді сабаймыз =) )
ермек қыламыз.
Көрдіңіз бе, əңгіме айтып, тіл қуатын көруге жол жоқ. Бітеп тастағанбыз.
Неге? Айтыңызшы, неге деп ойлайсыз,ал?
Сөйлеуді қойып, тыңдауды да ұмытып қалған сияқтымыз.
Жиналыстардағы жаттанды сөз, таптаурын баяндамалар тіл өнеріне тетік бола алмайды. Алқа топтарды үйіріп, тамылжыта сөз саптайтын əңгімешіл адамдар жоқ болып кеткен сияқты. Себебі, салт басқа. Бас-басына тост айтса болды, басқа əңгіменің керегі жоқ.
Қабарып, қаусап, қасаң тартып қалған ауыз-екі тіл тостылық деңгейден аса алмай, күннен күнге шөгіп барады.
Ауылдың бір бір сөзі бір қара əңгімешіл қарттарымен өтетін қонақтықтар есіме түссе, «ол да бір мектеп екен ғой» деп амалсыз күрсінетінім бар.

5 комментариев
  1. Артур:

    Коп сөз бірдене сөз демейма.
    Қазір аз сөйлеп көп жұмыс істейтін заманға кележатырмыз.
    Қазақты құртқанда да осы көп сөз
    Бара-бара тост айтқанда да қысқа әрі нұсқа болады.

    0
    0
  2. Муке:

    Мне не понятно, что автор хочет этим сказать, может хочет напомнить, что люди забыли, о том что есть вроде такая поэтесса? Слов достаточно, но не понятно что плохого в том, что люди говорят тосты (радоваться надо) и выражают соболезнования. В свое свободное время играют в карты, а не футбол, не ведут «заумные» политические беседы. Не считайте пж-та всех других простачками и не достойными Вашего внимания. Это они между прочим создают материальные блага и благодаря им такие как Вы пишут вирши и размышляют о высоком искусстве. Не забывайте всё же, материя первична, а не сознание (К.Маркс был прав). На голодное брюхо, как известно учение глухо. Да и стихи писать, не совсем комфортно. Прошу извинить, по-казахский понимаю, но выразить мысли сложновато.

    0
    0
    • толя:

      Муке так как вы русскоговорящий как и многие из нас то и вы поняли все это дословно а основную мысль вы так и не поняли.Что то про тосты что то про соболезнования.

      0
      0
  3. homo:

    Что тут непонятного?
    Поэтесса болеет за развитие казахского языка, говорит, что исчезли такие степные традиции, когда были люди, умеющие «держать Речь», именно они обогащали лексику, наполняли богатым содержание казахское Слово.
    Это явление народ ценил, это есть это было Ценностью.
    В степи всегда высмеивали тех, кто занимался словоблудием, которое обо всем и ни о чем, попросту говоря — глупая болтовня (кстати, в Путь Абая об этом тоже есть упоминание).
    Поэтесса, как подобает истинному интеллигенту, сама переживает и говорит нам, что мы теряем большую Ценность. Это нормально и правильно.
    На самом деле, что мы слышим на казахском языке, кроме тостов и заранее заготовленных речей на дежурных собраниях от наших мастеров культуры и Слова, от политиков и «красавчегов» правителей?
    Может господин Токжанов, который как бы за главного идеолога и по совместительству куратор сферы культуры в области может держать Речь?
    Ладно, че с чиновника спрашивать?! Бестолку.
    Но мы и сами, как общество тоже хороши. Где они, мастера Слова казахского?
    Почему их не видать ни на экранах ТВ, ни по радио не слыхать, ни на собраниях общественных или даже хотя бы на тоях?
    Кругом только одни лауреаты, трижды заслуженные, четырежды контуженные…
    Но Аллах с ними, без издержек общество не бывает.
    Но где же соль земли казахской в сфере казахского языка?
    Или наш народ как казахи, как нация, «все что мог совершил и навеки духовно почил»?
    Кто будет обогащать и развивать гос язык?

    0
    0
  4. нннн:

    ақын өте дұрыс айтады.Осы күні қайда барсақта бір сарындылық, жаттанды сөз. Жалпы қазақша ойлау мен шын сөйлеу жоғалып бара жатыр. қажет нәрсенің бәрін ғаламтордан іздейміз және телефон арқылы WhatsApp ,ВК арқылы жазбалар жазуда қысқартамыз және кейбір қазақ әріптерін жазбай жазу сауаттылығымыз да төмендеп барады.

    0
    0

Оставьте комментарий

Вы ввели: 0 из 2 000 символов.

x
2016-12-10
Утром-5 ℃
Днем-4.42 ℃
Вечером-1.49 ℃
Ночью-2.67 ℃
Влажность89 %
ДавлениеhPa 1003.63
Скорость ветра4.05 м/с
2016-12-11
Утром-8.64 ℃
Днем-11.74 ℃
Вечером-22.35 ℃
Ночью-21.33 ℃
Влажность84 %
ДавлениеhPa 1010.53
Скорость ветра3.32 м/с