Погода +8oC
$333.03
392.61
5.82
Опубликовано: Вт, Фев 14th, 2017

Дарига Муштанова — Кім кінəлі?

муштанова  Сіздерге қалай екенін білмеймін, өз басым жемқорлықпен ұсталған шенеунік туралы əрбір хабарды естіген сайын көңіл -күйім түсіп, əлдебір дəрменсіздікті бастан кешемін. Өңшең ұры-қары, қарақшы басып алған тұтқын өмірде жүргендей қорқынышқа тап болам. Қолды болып кеткен , айтуға ауыз, жазуға қағаз жетпейтіндей, адам айтқысыз цифрларға қарап басым айналады. Тұттай жалаңаш қалған ауылдар, қираған клуб, мектепке сыймай шұбырған бала, сау-тамтығы қалмаған жолаушы көліктері мен қалың қар басып қалған шалғай ауылдардың қайсысының жолын аршуға білмей титықтаған бірді-екілі техника, дағдарған ел елестейді көзіме.
Қайтарымы қашан болар екен мұның, қашан ғана тоқтатылар екен бұл алатопалаң? Дені дұрыс ел болсақ, бір шарасын алатын уақыт болды емес пе…Сол ден дұрыс болмас, дертке шалдыққан болармыз. Ондай болса емі қандай? Емделу мерзімі қандай? Ешкім жауап бере алмайды. Табаныңның астындағы жерді сезінудің өзі күш, оны да жеп қойды ма жемқорлар деп қыпылдайсың да жүресің.
Күйе(моль) түссе қара текеметтің де түте-түтесі шығып, тозып кетуі оңай, жемқорлық жайлаған ел де солай екен.
Енді не істемек керек? Сонаау жоғарғы жақтағы «күлтөбеде» күнде өтіп жатқан жиындарда да баж-бұж етіп осыны айтып бақырады да жатады. Олардың да əлі келмей жатыр-ау, сірə. Жеті басты айдаһар сияқты, бірін шапса, орнына екеуі өсіп шығады…»Сегіз ешкіге тоғыз теке» дегендей, билік құру органдары мен штаттарын қанша қысқартса да саны кемімей, керісінше өсе түсетін көрінеді, əл бермейтін көрінеді «əлжуаз» басшыларға… Бұ не сиқыр?
Апыл-құпыл ашылатын да жататын керім кəсіпорын, зауыт, тағы не құдай-ау, өндіріс орындары артынша қайда жоқ болып кете береді осы? Не гəп бар мұнда?
Сіздерді білмейм, кəдімгідей қорқа бастадым өз басым. Түбі қайыр болғай, басқа не амал бар?
Там-тұм тірлік жасалғандай болып жатқанмен, анау керім өркендеп, бой бермей дамып кеткен ештеңе көріп отырған жоқпын, шынымды айтсам.
Соның бəріне жемқорлар кінəлі ме, əлде кім кінəлі, айтыңдаршы? Қашан ел боламыз біз?!.

5 комментариев
  1. Serega says:

    Дарига Муштанова: Қашан ел боламыз біз?!.
    =========================
    1. С того момента когда наконец перестанете стесняться свое ФИО писать на казахском, уважаемая Дарига Муштанова.
    2. Когда будет власть — это народ, а не президент, не министры, не депутаты. Когда последние будут лишь наемными менеджерами у народа. И если они плохо справляются со своими должностными обязанностями, то народ будет иметь право уволить немедленно.
    Если они начинают жульничать, то народ будет иметь право и волю наказать.
    Пока же, как вы прекрасно знаете, у народа таких возможностей нет. Власть — это президент, это министры, это депутаты.
    Они же и собственники этой страны и государства. Это де факто.
    P.S.
    Как то наш президент «шутил», где взять 17 миллионов американцев, чтобы все у нас было как в Америке?
    На что в среде блоггеров также «шутили», что если бы у нас было 17 миллионов американцев, то вряд ли президентов удержался бы в кресле даже 17 дней, а не 17 лет.

    0
    0
  2. Көрші says:

    Жемқорлықты жою үшін қазіргі адамдардың сана сезімін өзгерту керек. Горбачев айтпақшы новое мышление керек.

    0
    0
  3. Мұрат says:

    Жемқорлықтың алдын алудың амалдары көп, ең маңыздысы шенуниктің барлық шешімі аян болуы керек.
    Мысалы, соттағы сыйақты, шенеуниктің әңгімесін басынан аяғына дейін таспаға түсіру, жер мәселесінде бос жерді белгілеген картаны кеңсенің алдына ілпқою, тағы сол сыйақты әр салада амал көп қой. Тек сонымен шұғылданатын кісінің жоқтығы, әлбетте жемқорлық бәрінеде керек деген сөз…

    0
    0
  4. Қайдос says:

    Жемқорлықты сот жазасын ауырлату арқылы ғана тоқтатуға болар деп ойлаймын.Жемқорлық жолға түскен адамды Ұйымдасқан қылмыстық топ баптарымен соттап,ешқандай амнистиясыз түрменің түбінде ұстау керек.Әйтпесе қарпып-қарпып жеп алып,сыздықтатып қайтарғансып,президенттің көңілшектігін пайдаланып,қайта бұрынғы әніне басатындар көбейіп кетті.Қытайдағыдай қолын шаппағанмен,ұзақ мерзімге тзеу қызметіне жегу керек.Мәселен,жер асты жұмыстарына…Сонда тоқтау болмаса — құрығанымыз.

    0
    0
  5. Шал says:

    Бос соз бари далбаса бул дерт ортагасырдан келе жатырган дуние сондыктан муны ешким жене алмайды. Тек азайта алады. маселе еки жакты халыктын ози де кинали мадениет томендеу талап томендеу сурак томендеу натижесинде жауапта соган сай болады.Ел болам десен бесигинди тузе дейди казак. отбасынан басталу керек тарбие де мадениетте.Тырнактын астынан кир издеп кана карап отырмай жаппай ат салысу керек. Ели ушин жери ушин халкы ушин ШЫН жаны ашитын азаматтарды ирриктеу механизмин жасау керек.Шын Ултына Елине Халкына жан ашыса соны жан жакты зериттеп сол ксисин уйретип баскару жуйесине акелу керек.Бир галымнын айтканы бар адам негурлым сырткы турпаты бейнеси журис турысы кушти болып коринсе согырлум ишинде турпайы минезге толы деп.сыртына карап коя беруге болмайды. Ишки дуниесин коз карасын мадениетин барин аныктапзерттейтейти кадрлык институт ашу керек. Мине осыдан бастау керек.

    0
    0

Оставьте комментарий

Вы ввели: 0 из 2 000 символов.

x
2017-10-17
Утром8 ℃
Днем9.86 ℃
Вечером7.92 ℃
Ночью5.17 ℃
Влажность100 %
ДавлениеhPa 1012.11
Скорость ветра3.67 м/с
2017-10-18
Утром5.72 ℃
Днем8.59 ℃
Вечером8.28 ℃
Ночью8.75 ℃
Влажность99 %
ДавлениеhPa 1021.97
Скорость ветра4.67 м/с