Погода +25oC
$332.8=
390.57=
5.6=
Опубликовано: Сб, Авг 5th, 2017

Дарига Муштанова — Жаңа бір толқын өсіп шықты, ал…

  Құда балам бар менің.Арамыз-40 жас. Əңгімеміз керемет үйлеседі.Екеуіміз бірін бірі шамалылау түсінетін екі буынның елшісі сияқтымыз. Отыра қалып бір мəселенің төңірегінде пікір таластыра жөнелгенде итжығыс түсеміз де, аяғын күліп жіберіп бейбіт қатар татулықпен аяқтай саламыз.
Қытайда оқып жатыр ол. Астанадағы үйінің ас бөлмесінде өзінің отыратын тұсына əлем картасын əдемілеп тұрып іліп қойған. Бірінші көргенде «студент кезінен қалған карта шығар » деп ойлағам, бірақ су жаңа…
Əдеттегідей құда баламен əңгімеге кірістік. Тақырып: Елдік. Қоғам. Жүйе. Болашақ. Осы төңіректе кеттік тағы.
-Мен де Отанымды сүйем. Əкем 10-сыныпқа келгенімде бір-ақ ауыз сөзбен дұрыстап оқуым керектігін миыма қадап тұрып құйып берген. Екі жылда бүкіл мектеп бағдарламасын түгел қайталап жүріп, аман-есен оқуға түстім. Менің диплом алғанымды əкем көре алмай кетті. Оның ерте кеткені мені тез есейтті.Ауылға келдім. Жұмысқа кірістім. Əкімиятқа.Тыным таппайсың. Сөйтіп бір ай өткенде жалақым қолыма тиді. 25 мың теңге…Шошып кеттім. «Оқыдым, адам болдым. Анамды асыраймын.Үй алам. Үйленем.» деген армандарыма мына 25 мыңмен қалай жетем. Анам «всё со временем» деп жұбатады. Қайдағы?! Ол время деген менің өмірім ғой.Аз ғана уақыт жұмыс істеп, «авторитет» те жинап алдым- əкімнің қолы қойылып, мөр басылған «Алғыс хат» берді. Əкеліп мамама бердім, болды. 25 000 өзімнен де ауыспайды. Сонымен, жылға шыдамай жұмыстарын тапсырып, Қытайдан бір-ақ шықтым.Себебі, ана жүріс дұрыс емес.Олай болмауы керек» дейді кішкентай құдам үлкен мəселені қабырғасынан қойып. Мен өз өмірімнің эпизодтарын айтып, «бəрі де солай бастаған» деп шұбыртып жатырмын баяғы.
«Мен мына жерде тұрғым келеді,-» деді ол кенет қабырғадағы картаның бір нүктесіне саусағын қадап,- или мына елде,- деді екінші бір елдің аумағын көрсетіп. Заты түгілі атын сирек еститін елдердің əлеуметтік құрылымын, мемлекеттік жүйесін, жастарды, жалпы еңбек адамын қолдау технологияларын шемішкіше шағып ой ,бір əңгімелеп кетті ғой дейсің сосын. Кішкентай ғана детальдар, бірақ ынталандыру, еңбек жемеу, сəл де болса демеу көрсету, талант пен қабілетке қолдау жасау, көп жұмысқа көп жалақы төлеу принциптерін ұстанған елдерді теріп, зерттеп жүрген сияқты.
«…өз еліңде ұлтан бол» деген мақалды айтып жатырмын ғой мен де жалма-жан.
«Ұлтан бол, бірақ сұлтанша өмір сүр, себебі сол ұлтансыз табаның тоңады ғой» дейді мына заманның «жемісі» астарлай күліп.
Жеңілдім. Асүйде ілулі тұрған картаға аузымды ашып қарап, ойланып қалдым.
Қазіргі жастардың ойы ұшқыр, əлемге көзі ашық. Оларды андай-мұндай «грамыт-срамытпен» алдап қойып, тегін пайдалану қиын. Жаңа бір толқын өсіп шықты, ал… Бағыты айқын, тегеуріні қатты, талабы түсінікті.

3 комментария
  1. qwer says:

    Емкость рынка труда у нас мизерная, не на все специальности, не для любого направления таланта есть рабочие места. А на какие есть, те заняты прочно и надолго.
    Вот, например, «Құдамнын қызы» хочет как поэтесса Дарига. Я ей говорю, но это место в ЗКО надолго занято самой Даригой, «Боливар двоих не выдержит». Поступай на филологический (либо на журналистику) куда-нибудь в другой стране, где рынок труда вместимый, без работы не останешься, хорошие поэтессы везде ценятся. Иначе, заживо похоронишь свой талант, Божий дар.
    Интересно, что думает об этом сама Дарига?

    0
    0
  2. Lulu says:

    Моцарт на старенькой скрипке играет.
    Моцарт играет, а скрипка поет.
    Моцарт отечества не выбирает —
    просто играет всю жизнь напролет.
    ………………………………………..
    Коротки наши лета молодые:
    миг — и развеются, как на кострах,
    красный камзол, башмаки золотые,
    белый парик, рукава в кружевах.

    Ах, ничего, что всегда, как известно,
    наша судьба — то гульба, то пальба…
    Не обращайте вниманья, маэстро,
    не убирайте ладони со лба.

    0
    0
  3. Патриот says:

    Жастардын казирги талгамы мен талабы осы баланыкиндей болса , ел туган жер халыкка ким кызмет жасайды? Мен осы принциппен али келе жатырмын.Алгашкы айлыгым 16 мын тенге болды, казир 40 келдим али елиме кызмет етудемин айлык али 100 мынга жетпейд.
    Енди оз озимди алдап али мем кызметте журмин.Коркатыным кейн ул кызым мени тусинбейтин болар деген коркыныш.Озим елим ушин жан пида ураным.Калай болатыны ….

    0
    0

Оставьте комментарий

Вы ввели: 0 из 2 000 символов.

x
2017-08-19
Утром25 ℃
Днем35.26 ℃
Вечером31.06 ℃
Ночью18 ℃
Влажность30 %
ДавлениеhPa 1029.4
Скорость ветра2.01 м/с
2017-08-20
Утром17.73 ℃
Днем31.59 ℃
Вечером29.43 ℃
Ночью18.5 ℃
Влажность28 %
ДавлениеhPa 1029.89
Скорость ветра2.67 м/с