-6oC
$378.78
430.71
rub_icon5.71

Тимур Дарханов – юзерлар бәрін шешеді!

Facebook әлеуметтік желісіндегі Just Aksay тобының негізін салушы қаладағы диван қожаларынан көрнекті қоғамға дейінгі жолдар . Қазіргі осы топтың қатысушылары атақты жергілікті телеарналар мен газеттар. Сонымен, бір жеке аудан орталығындағы желі қалай өрбіді – біздің репортажда.

Тимур Дарханов үш жылдан бері жұмыс пен бизнесті бірге алып жүргісі келіп жүр. Оның сөзінше тек бизнес үшін ғана орындалуда.

Сонымен, машинасының төрт дөңгелегін қатар тескенде, Тимур бірден түсінген жоқ. Машинаның жүксалғышында электрліүрлеуіш болғандықтан бірде бір дөңгелегін, содан кейін қайта тоқтап екінші дөңгелегін үрлеп, содан кейін ғана оның ойына осындай жолмен біреу сәлемдеме беріп тұрғанын түсінді.

— Ал, осындай сыйлық жасағысы келген кім екенін білдіңіз бе? – мен Тимурдан қызығушылықпен сұрадым.

— Бұдан не ойланатыны бар, бәріне белгілі, бұл біздің топқа байланысты – деп жауап берді менің сырласым.

Тимур Дарханов — Ақсай қаласының кәсіпкері, жергілікті сауда орталығының жиһаз салонының кожасы. Ақсайлықтар арасында Facebook әлеуметтік желісіндегі Just Aksay топтың модераторы ретінде таныс . Жеке алғанда, бұл топта соңғы екі жылда қаланың және ауданның өзекті және ұшқыр тақырыптағы мәселелері жазылған болатын. Жеке алғанда, осы топта үкіметтің және қоғамның тікелей байланыстары басталған болатын.

— 2012 жылы бұл топты менің досым Аян Зубанеев ашқан болатын. Содан кейінгі екі жылында сол топқа менде қосылдым. Сол кезде бізде ешқандай ой болған жоқ. Тек қана, мысықтардың, балалардың қызықты фотоларын жүктеумен болдық. Сол кезде, топта ешкім болған жоқ. Ол кезде, 1,5 немесе 2 мыңдай болды. Бұлай былтырғы жылдың жазына дейін жалғасқан болатын. Қалалық қоқыс алаңы жаңғанға дейін осылай болған болатын – деді Тимур.

Қайта-қайта болған қалалық қоқыс алаңының өртенуі, шынында, былтырғы және осы жылдардың талқыланған тақырыптардың бірі болды. Сонымен қатар, Орал қаласында да жанған қоқыс алаңдарынан адамдарға демалуларына қиындық туғызды. Орал қаласының тұрғындары өз тараптарында талқылады да жабулы қазан жабулы күйінде қала берді, ал Ақсай қаласыеың жергілікті халқы бірігіп, іске көше бастады. Ең ыңғайлы жиналу алаңы Just Aksay тобының аумағы болып табылды. Қаланың тұрғындары осы топқа суреттерін және видеоларын жолдап, мәселерін талқылады. Әрбір апта сайын топтың қатысушылары көбейе түсті. Қазір әлеуметтік желідегі жергілікті пайдаланушылар арасында ең үлкен топ – 8 мың адамды құрады.

— Биылғы жылдың көктемінде қоқыс алаңы белсенді түрде түтіндей бастағанда, топта бастама оянып, акция ұйымдастыру қолға алынды. Бұдан әрі түтінмен демалу мүмкін болмады. Содан топ белсенділерін жинақтау қолға алынды. Содан, бәріміз митинг жүргізуді қолға алдық. Біздің тарапымыздан саясаттық талаптар болған жоқ, тек бірнәрсені ғана талап еттік: тек үкімет бізді тыңдап, нақты жауап беруді қаладық, — деді Тимур.

Топ қатысушыларының пікірі – қоқыс алаңдарының палаталық қалашығымен, оған аумағына қоқыс төгу машиналарын жолатпау болып табылды. Топтың қалған бөлігі осындай палаталық қалашықпен Ақсайдың ортасындағы аудандық әкімдіктің алдында акция жасап, аудан әкімі шыққанға дейін сол жерде болып, өз талаптарын білдіру болатын.

— Топтың міндеттерінің барлығы тыныштықпен өткізілу болатын, ешқандай, шөлмек сындырып, дөңгелектер жағу болған жоқ. Біздер әкімдікке митинг өткізетіндігіміз туралы өтінішімізді жазған болатынбыз. Митингіміздің тақырыбы саясатты емес болатын- біз тек қоқыс алаңындағы өртті жойып, ол жерде тәртіпке келтіруді талап еткен болатынбыз. Басқа ешнәрседе емес болатын, — деді Тимур.

Үкімет топтың белсенділерін «тыңдады». Әкімдікке өтініш тапсырғаннан кейін бірнеше күн өткен соң, өтініште қол қойғандарға полиция және әкімдік қызметкерлері барып тексеріс өткізе бастады. Топтың қатысушыларына өз өтініштерін алуды талап етіп, қорқытып, митинг жасамауларын сұрады. Бірақ, соларға қарамастан, Тимур айтқандай, бұл олардың бірінші жеңістері болатын. Әкімдіктің қызметкерлері топтың белсенділерімен кездескеннен кейін қоқыс алаңдарын тәртіпке келітіретіндіктерін, яғни оған үш ай мерзімде уақыт берулерін сұраған болатын. Бір ай бұрын, яғни, тамыздың басында, әкімдік Астана қаласының жеке компаниясымен келісім шартқа отырды, яғни, қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын өңдеу қызметін көрсететін болады. Одан шыққан нәтиже – қоқыс алаңы үш ай бұрын өртенуін қойған болатын. Жеке компания ресми шекара шеңберінде, қоқыс алаңын ретке келтірді, қоқыс аумағында қоқыстарды жағуды тоқтатып, қалдықтарды көму үшін үлкен котлован-жәшіктерін қазу үстінде.

Топ медиялық тұрғыдан жеке танымалдылыққа ие болды. Ауданның әкімі болып Санжар Алиев тағайындалғаннан кейін Just Aksay тобына бірінші рет сұқбат берген болатын.

— Жаңа әкімді тағайындағаннан кейін біреу маған жаңа әкімінің әлеуметтік желіні белсенді түрде қолданатынын айтқан болатын. Содан кейін, біздің топқа «есік қаға кіріп» бізге қатысушы болған болатын. Мезгіл-мезгіл комментарилар жазып, өз пікірін білдірген болатын. Мен таң қалдым. Бұл біздің ауданның бірінші әкімі болатын, бізге шығып, өзі бізге қосылған. Мен топта оған жазған болатынмын: Фейсбуктың тікелей эфирінде камера алдында ауданның тұрғындарымен сөйлесе алатынын сұраған болатынмын. Ол бірнеше күннен кейін оған қарсылығы жоқ екендігін жазған болатын. Топпен кездесуді тапсырып, пайдаланушылардан сұрақтар қабылдап, жинақтай бастадым. Сұрақтар 2-3 жүзден астам жинақталды. Адамдар әкіммен жүздесуіне қуанды. Бұрын болмаған жағдай, бұларға жазуға бет бұрды. Сұрақтар көптеп жинақталды. Басты сұрақтар, жол, тәулік бойғы қоқыс алаңының жануы, тұрғын үй мәселелері болды. Сүйтіп, бүкіл сұрақтарды қағазға түсірген болатынбыз. Әкімдікке шықтық. Содан, дұрыс интернет эфирі арқылы қамтамасыз ету сұрағы тұрды. Содан топқа қолқа салдық. Балалар ақша шығарып, біздер қозғалмалы роутер сатып алынды. Әкімдікпен үш сағаттық әңгімелесу болды. Ол барлық сұрақтарға жауап берді. Тіпті, тікелей эфир барысында түскен сұрақтарға жауап берді. Бұл шындығында өте жақсы болды! Осыдан кейін адамдар біздің топқа белсенді түрде жаза бастады. Ал, үкімет болса, тиісінше белсенді түрде алаңдай бастады. Әкімдіктегі бөлімдерде әрбіреуінің . Фейсбукта өз парақшалары ашыла бастады, олардың топтағы парақшаларында жазса болды олар оған жауап бере бастады, — деп әңгімеледі Тимур .

Әкімдікпен ашықтан ашық әңгімелесулер, басқа біреулерге кесір болды дейді Тимур. Үкімет арасындағы қарым-қатынастар кей кездері кесірін тигізіп отырды. Бірнеше рет жергілікті прессте әкімдікпен байланысты топқа және оның белсенділеріне қатысты мақалалар шыға бастады. Сонымен қатар, топтың өзінде соңғы уақытта фейкті аккаунттар белсенді, үкіметті қорғай отырып баталилардың мақсатын шиеленістіреді.

— бірнеше рет осындай пайдаланушылар модератордың орынын ауыстыруға қалай қарайсыз деген сұрақтарда қойылды. Бірақ, менде шыншыл адаммын, топтың қатысушыларына дауыс беруін қолға алдым. Сонымен, қазір, үшінші мәрте осындай «сайлаулар» өткізілуде. Содан тағыда біреу жаңа модератор сайлау туралы сұрағын қойған. Осындай дауыс беруі кезінде менің көлігімнің төрт дөңгелегін бірдей тескен болатын. Бұл тек ауызға ғана оңай, былайыннан бәрі күрделі, — деп түсіндірді Тимур.

Бүгінгі күні топ белсенділерінің жаңа міндеттері бар – «Конденсат»мұнайбазасы ауданындағы жаңа қаламен ескі қаланың ортасын қосып тұрған автокөлік жолдарын қалпына келтіруді қолға алу. Топтың – белсенділері аксайдың дүкендеріне «КазахстанТемирЖолы» ХК төрағасына өз үндеулерін жазып ілген болатын. Ауданның әкімі топтың қатысушыларына мыңнан астам өтінішке қол қойғандар болса, онда өзі осы өтінішті жеке «КТЖ» басшысына ақсайлықтардың өтінішін жеткізіп, жол торабын қалпына келтіруге қаражаттың бөлінуіне қолдау көрсететіндігін айтқан болатын.

Жаңа Бөрлі ауданының әкімі қаншалықты халқына жақын болып, танымал болатындығы белгісіз. Топтың қатысушылары осылай болатынына сенімді. Ал, Тимур олардың жетістіктеріне қарап, қоғам жеңіп, ал үкімет жеңіліс тауып, берілді деген сөз емес деп ойлайды.

— Бұл жерде баріде жеңді. Үкімет соның ішінд. Менің жеке ұққаным, біздің тобымыз көшедегі екі тарапты қозғалыс сияқты. Олардың барлығы бір біріне қарама-қарсы өтеде. Адамдарға ұнайды өйткені осы топ арқылы өздерінің қаланы көркейту, өз көшелері мен алаңдарын абаттандыру сұрақтарын шеше алады. Әкімгеде ұнайтын шығар, өйткені, бұл жерде өзінің қаласына немқұрайлы қарамайтындықтары ұнағандықөзінше қолдау көрсетеді.

Лукпан АХМЕДЬЯРОВ

x
2019-01-22
Утром-6 ℃
Днем-7.21 ℃
Вечером-15.58 ℃
Ночью-20.79 ℃
Влажность97 %
ДавлениеhPa 1020.56
Скорость ветра4.81 м/с
2019-01-23
Утром-23.34 ℃
Днем-15.82 ℃
Вечером-24.16 ℃
Ночью-27.12 ℃
Влажность84 %
ДавлениеhPa 1034.04
Скорость ветра2.65 м/с