БҚО ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР ҮШІН 30 МЛН ДОЛЛАР АЛАДЫ

«Қарашығанақ Петролим Оперейтиг Б.В» компаниясы Батыс Қазақстан облысындағы әлеуметтік нысандарды жүзеге асыру үшін қаржы көлемін бір жарым есе ұлғайтты. Nur.kz.

Бұл жайында Президент Жолдауын аумақ активтеріне түсіндіру кезінде энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдеді.Сонымен қатар ол жергілікті кәсіпорындардың жер қойнауларын игерудегі тендерге белсене араласып қазақстандық үлесті арттыруға шақырды.

Аймақ активтері алдында мәлімдеме жасаған Қанат Бозымбаев Қарашығанақ мұнайгаз кен орнының облыс дамуына зор үлес қосып жатқанын айтты.Қазір аймаққа бөлінетін қаржының 20 млннан 30 млнға дейін көбейту жөніндегі жоба премьер-министр кеңсесінде қаралып жатыр.

«Бұл ақшалар инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру үші қолданылады.Келісім Қазақстан үшін 1,7 млрд доллар көлемінде ақшалай құндылық береді»,- деп атап өтті ҚР энергетика министрі.

Сонымен қатар Қанат Бозымбаев Қарашығанақ кен орынындағы инвестициалық жобаларды жүзеге асырудағы біріккен келісімдерге қол жеткізілгенін айтты.Инвестиция көлемі – 5 млрд теңге.Күрделі келіссөздер жобадан түскен қосыша табыстың Қазақстан үшін жылына 415 млн доллар болуын 2037 жылға дейін қаматамасыз етеді.

«2018 жылы бірлестіктің қазақстан компанияларының тауары,жұмысы қызметі үшін төлеген төлемі 200 млн доллар болды.Қазақстанның үлес құрамы қазіргі уақытта 56 пайыз, 91 пайызы компания қызметкерлері – Қазақстан азаматтары», – деді Қанат Бозымбаев.

КПО Б.В бірлестігі өз қызметі аясында облыстың инфрақұрылымың дамуы үшін 342 млн доллар бөлгенін атап өту керек. Бұл қаржыға 14 медмекеме, 28 білім нысаны мен 12 әлеуметтік нысан салынды.

Сонымен қатар БҚО әкімдігі Орал қаласында жаңа «Ақжайық» мөлтек ауданының салынып жатқанын атап өтті.Тартылған қаржы есебінен Шаған өзенінің үстінен жаңа көпір бой көтермек.

 

x
2019-06-20
Утром19.71 ℃
Днем26.74 ℃
Вечером25.05 ℃
Ночью18.23 ℃
Влажность44 %
ДавлениеhPa 1012.93
Скорость ветра5.81 м/с
2019-06-21
Утром20.16 ℃
Днем28.3 ℃
Вечером26.01 ℃
Ночью18.85 ℃
Влажность38 %
ДавлениеhPa 1016.81
Скорость ветра5.72 м/с