-6oC
$378.78
430.71
rub_icon5.71

БҚО ұстаздарға 3 млн теңге көлемінде кем төлеген

БҚО Бөкей Орда ауданында, 2 жылдан аса уақыт ұстаздарға жалақы дұрыс аударылмаған. Мұғалімдердің алмаған ақша көлемі 3 млн теңгеге жуық.

Әңгіме Бөкей орда ауданындағы 11 мектептің 361 мұғаліміне дұрыс ақша есептелмегені жайлы. Мұндай қателік аудандық білім беру бөлімінде жүргізілген прокурорлық тексеріс кезінде анықталған.

Аудан прокурорлары бюджет қызметкерлерінің еңбек ақысын реттеу жүйесі туралы Үкімет қаулысының бұзылғанын анықтады. БҚО Бөкей орда ауданында, 2 жылдан аса уақыт ұстаздарға жалақы дұрыс аударылмаған. Мысалы, Бабажанов атындағы бастауыш сынып оқытушысына уақытша кеткен қызметкерді ауыстырғаны үшін 12 күнге төленуі тиіс 72 мың теңге есептелмеген. Яғни, уақытша еңбекке жарамсыз деп танылған қызметкердің міндетін атқарған адамға қосымша төленбеген.

Прокурорлық бақылау актісі бойынша аудандық білім бөлімі басшылыры мен бухгалтерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылып, мұғалімдерге 2,8 млн теңге қосымша төленген.

МАРИЯ ДРАЧЕВА

x
2019-01-22
Утром-6 ℃
Днем-7.21 ℃
Вечером-15.58 ℃
Ночью-20.79 ℃
Влажность97 %
ДавлениеhPa 1020.56
Скорость ветра4.81 м/с
2019-01-23
Утром-23.34 ℃
Днем-15.82 ℃
Вечером-24.16 ℃
Ночью-27.12 ℃
Влажность84 %
ДавлениеhPa 1034.04
Скорость ветра2.65 м/с