+2oC
$378.17=
429.11=
rub_icon5.88=

Оралда мектеп маңын коммерциялық мақсатқа беруді ұсынуда

Оралда мектеп аулаларынан ақылы қызмет көрсететін бизнес субьектілерін ашу ұсынылды. Осылай билік өкілдері метеп маңындағы бос жерлерді ұтымды қолдануды көздеуде.

Мұндай ұсыныс Хайдар Капановтың басшылығымен 12 қазанда «Атамекен» ТКП кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесі отырысында айтылды. Бизнес-одақтың қойып отырған мәселесі мектеп ауласындағы жерлерді ұтымды қолданысқа енгізу.

–         Мысалы, Алматыны алсақ, онда мектеп маңындағы жерлерге тексеріс жүргізіледі.Бәріңе белгілі, бұрын мектептер бұрыңғы СанЭЕ бойынша салынды, сол себепті мектепке берілген жерлердің көбі пайдаланусыз бос тұр. Біз жыл жарымнан бері қала әкімдігіне, Қалалық және Облыстық білім бөліміне жүгінудеміз,- деді ТКП басшысы Хайдар Капанов.

Осы жиынға қатысып отырған облыстық білім басқармасының орынбасары Сандуғаш Айтқалиева бұл сұрақтың білім басқармасында қаралғанын айтты.

-Ия, мектеп маңында осы кезге дейін бос тұрып қалған жерлер бар. Ұсынысқа сай мектеп маңындаға жерлерге тексеріс жүргізіп, соған сай ол жерлерге күндіз білім субьектісіне, ал кеште бизнес субьектісіне қызмет жасайтын нысандар салуға мүмкіндік бар.Әңгіме спорт алаңдары мен спорт залдар және тағы басқалар, – деді Сандуғаш Айтқалиева.

x
2019-03-22
Утром2 ℃
Днем2 ℃
Вечером1.81 ℃
Ночью0.46 ℃
Влажность90 %
ДавлениеhPa 1014.21
Скорость ветра3.86 м/с
2019-03-23
Утром-1.9 ℃
Днем0.35 ℃
Вечером0.61 ℃
Ночью-0.44 ℃
Влажность98 %
ДавлениеhPa 1016.62
Скорость ветра3.22 м/с