+2oC
$378.17=
429.11=
rub_icon5.88=

«Батыс су арнасы» ЖШС су көлемін екі есеге арттырды»

«Батыс су арнасы» ЖШС су көлемін екі есеге арттырды»

«Батыс су арнасы» ЖШС су көлемін тұтынушыларға екі есеге арттырған»

Бұл фактіні Табиғи монополияларды реттеу комитетінің департаменті (Монополияға қарсы комитет) өз тексеруінде анықтады.

Орал қаласының тұрғыны Юрий Чупров депармаментке шағымданды. Ол суық су жеткізушісін және канализация бойынша қызмет көрсетуді өзі тұтынған су көлемін арттыра түскенін байқаған. Монополияға қарсы комитет оның өтініші бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізгенде тұтынушының күдігі расталды.

«Батыс су арнасы» ЖШС 2017 жылы су тұтыну көлемін Ю.Чупровқа 6 текше метрге асыра есептеген. 2018 жылы монополист одан да көп қателікке барып-37 текше метр тұтынылған судың орнына 61 текше метр су есептеп жіберген. Жасанды жолмен есептелген су көлемі 24 текше метрді құрады. Өнім беруші тұтынушыға 2350 теңге артық төлеуге мәжбүрлеген.

Монополияға қарсы комитет «Батыс су арнасы» ЖШС-не суды есептеу құралының көрсеткіштерін есептеу мүмкін болмаған жағдайда орташа айлық көрсеткіштер бойынша төлемді заңсыз есептеуді тоқтатуды талап етіп ұйғарым шығарды.

Дариға САРМАНОВА

x
2019-03-22
Утром2 ℃
Днем2 ℃
Вечером2 ℃
Ночью0.59 ℃
Влажность91 %
ДавлениеhPa 1012.97
Скорость ветра4.48 м/с
2019-03-23
Утром-1.84 ℃
Днем0.35 ℃
Вечером0.61 ℃
Ночью-0.44 ℃
Влажность98 %
ДавлениеhPa 1016.62
Скорость ветра3.22 м/с