Әкім жас? Жоқ, дәрменсіз!

14 наурызға дейін мен редакцияда Алтай Күлгіновтің облыс әкімі ретіндегі жұмысына қатысты даулар туындаған кезде, оны қызғыштай қорғаушылардың бірі болдым. Алтай Көлгіновке оның тым жас екені тілге жиі тиек етілетін — жас, тым жас қой. Мен әрдайым жастық-оның басты күші екеніне сенетінмін. Жастар қабылданатын шешімдердегі өршілдік пен батылдықты болжайтынына сенімді едім.

Солай мен бүгінгі күнге дейін ойладым. Әзірге Ұлттық экономика орталығының экс-министрі Бишімбаевтың ісі бойынша үкім туралы жаңалық оқымағанда. Естеріңізге сала кетсем, бұл істе біздің үш жерлесіміз — Аслан Жақыповтың, «Бәйтерек Девелопмент» АҚ төрағасының орынбасары, «Болашақ — Т» құрылыс компаниясының бас директоры және құрылтайшысы Қайдар Қощановтың және «СВ+»құрылыс компаниясының бас директоры және құрылтайшысы Сәбит Өтебалиевтің есімдері көрініс табады. Сот үшеуін де кінәлі деп тапты, бірақ әртүрлі жаза белгіледі. Аслан Жақыпов (28 млн теңге алған) — 2,5 жылға бас бостандығынан айырылып, тұтқындалған мүлігін толығымен қайтарып алды (бизнеспен ешқашан айналыспаған адам үшін аз емес мүлік). Қайдар Қощанов-175 млн теңге көлемінде айыппұл төлеу керек. Сәбит Өтебалиев-85 млн теңге көлемінде айыппұл төлеу керек. Екеуі де бұл істе пара берушілер ретінде өтіп жатыр. Яғни пара бопсалаған адамдар.

Аслан Жақыповқа келер болсақ, Мен шынымды айтсам, үкімнің жұмсақтығына таң қалдым. Бір ай бұрын Оралда үш полиция қызметкері дүкен иесінен қорқытып, 250 мың теңге пара алған. Егер олар бір ай ішінде 52 миллион теңге көлемінде айыппұл төлемесе, олар 7 жылға бас бостандығынан айырылады. Егер Аслан Жақыповтың және осы үш полиция қызметкерлерінің жазасын салыстырсақ, онда ескі нақыл сөз бірден есіңе түседі параның сомасы неғұрлым үлкен болса, жазаң да аз болады. Бірақ бұл туралы бүгін емес

Көп созып кетсем, кешірім сұраймын, бірақ бүгінгі мәселе облыс әкімі туралы болып отыр. Осы күнге дейін мен Алтай Күлгінов Қайдар Қощанов пен Сәбит Өтебалиев үшін жазаны болдырмау немесе азайту үшін бірдеңе жасайтынына сенімді болып келдім.Қайталап айтам, Аслан Жақыпов үшін емес, құрылыс фирмалары облыс әкіміне Астана алдында облыстағы тұрғын үй құрылысының екпінді қарқыны туралы баяндауға мүмкіндік берген екі кәсіпкер үшін. Және баяндау негізді еді. Екі құрылыс компаниясы да миллиондаған өз қаражатын үй құрылысы комбинаттарына (ҮҚК) инвестициялады. Оралдағы тұрғын үй құрылысының өзіндік құнына әсер еткен жобалар ретінде екі ҮҚК шенеуніктердің баяндамаларында әлі күнге дейін көрініс тапқан. Екі компания да облыста бірнеше маңызды жоба — мектептер, балабақшалар мен кезекте тұрғандарға арналған үйлер салды.

Қайдар Қощанов пен Сәбит Өтебалиевтің кінәсі Бишімбаевтың ісіне, менің ойымша, «құлақтан тартылып»болған. Екі қатысушы, Аслан Жакупов пен Ко тарапынан пара бопсалау құрбандары. Бірақ бұл менің субъективті пікірім. Облыс әкімі Алтай Көлгінов бұл кәсіпкерлерді қорғауға болатын еді. Осы өңірдің басшысы ретінде міндетті болатын. Бұл «екі бай жігіт» болғандықтан емес, аймақ экономикасы және жергілікті бизнес-қауымдастықтың облыс әкіміне сенімі туралы әңгіме болып отыр. Мұндай айыппұлдарды төлегеннен кейін екі құрылыс компаниясы да «қайраңға отыратыны»сөзсіз. Алтай Сейдірұлы, Сіз президентінің әкімшілігіне, премьер-министрі кеңсесіне, Жоғарғы соттың аппаратына жүгінуге болатын еді ғой! Әрине болатын еді, бірақ Сіз олай жасамадыңыз. Яғни, әкімшілік ресурсты пайдалана отырып, облыстың ең ірі және жетекші екі кәсіпорнына қауіп төніп тұрғанын түсіндіруіңіз керек еді. Бірақ олай жасамадыңыз. Түсінікті жайт, сыбайлас жемқорлық ісіне араласқыңыз келмейді. Мен сізді жеке бедел мәселелерінде өте батыл екенізді білемін. Бірақ, сіз бұл беделіңізді пайдалана отырып, сіздің әріптестеріңіздің қатысуынсыз болмаған, осы бір іске тап болған екі кәсіпкерлерді арашалау үшін ештеңе істемедіңіз.

Сіз енді қалай жергілікті бизнесті мемлекеттік бағдарламаны іске асыру үшін жәрдемдесуге сендіре аласыз? Енді жергілікті құрылысшылардың бірі мемлекеттік қаржыландыруды күтпестен өз ақшасына сол немесе басқа объектіге салуға тәуекел етеді деп ойлайсыз ба?

Жоқ, мен әлі күнге дейін сіздің жасыңызда облыс әкімі болуға болатынына сенімдімін. Және сіз үшін шын мәнінде, құрмет пен бедел әліде маңызды болса да. Бірақ дәрменсіздікті жариялап көрсету керек емес.

Лұқпан Ахмедьяров

x
2019-07-19
Утром28 ℃
Днем28 ℃
Вечером28 ℃
Ночью21.13 ℃
Влажность56 %
ДавлениеhPa 1010.98
Скорость ветра4.44 м/с
2019-07-20
Утром20.73 ℃
Днем27.11 ℃
Вечером25.37 ℃
Ночью18.47 ℃
Влажность37 %
ДавлениеhPa 1014.68
Скорость ветра7.52 м/с