-5oC
$376.26
425.63
rub_icon5.68

«Шале» кафесінің өртенуіне кінәліні бас бостандығынан айырды (БЕЙНЕ)

7 ақпан күні Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 26 жасар Александр Калининге қатысты үкім жарияланды. Оған ҚР ҚК-нің 292-бабы 2-бөлімі «абайсызда ауыр зардаптарға әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу»бойынша айып тағылды.

Александр Калинин сот үкімі кезінде.
Владимир Охватов, жанып кеткен «Шале» кафесінің иесі, сот үкімі кезінде.

— Сот Александр Калининді газ жабдығымен байланысты қызметпен айналысу құқығынан 3 жыл мерзімге айырып, 2 жылға және 6 айға бас бостандығын шектеуге үкім шығарды. Сотталғанға пробациялық бақылау орнатылады, – деді судья Руслан Жұмағұлов.

«Охватов» ЖК азаматтық талабы ішінара қанағаттандырылды және азаматтық сотқа берілді. Сот «Шале» кафесінің иесі Владимир Охотовтың пайдасына қалпына келтіру жұмыстарына 120 млн теңге өндіріп алды. Сот 200 млн теңге көлеміндегі моральдық талап арыздан бас тартты, себебі өрт кезінде ешкім жарақат алған жоқ. Бір ай ішінде Калинин тергеу кезіндегі жүргізілген техникалық сараптамалар үшін мемлекет пайдасына 37 мың теңге төлеуі тиіс.

Журналистің үкіммен келісесіз бе,- деген сұрағына, Калинин келіспеймін,- деп жауап берді. Бұрын Калинин қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған.

– Жеңілденіп қалдық, біз осыған 15 ай бойы жүріп келдік. Біз ешкімді отырғызғымыз келмеді, біз тек өз ақшамызды қайтарып алғымыз келді, — деді жанып кеткен кафенің иесі Владимир Охватов.

Естеріңе салсақ, 2017 жылғы 26 қазанда Пугачев көшесі, 36 мекен-жайында орналасқан «Шале» кафесінде өрт шықты.

https://youtu.be/0to3VlX1VOo

Маргарита Зябчук

x
2019-02-18
Утром-5 ℃
Днем-5 ℃
Вечером-5 ℃
Ночью-5.52 ℃
Влажность92 %
ДавлениеhPa 999.24
Скорость ветра8.51 м/с
2019-02-19
Утром-8.13 ℃
Днем-7.47 ℃
Вечером-9.44 ℃
Ночью-13.32 ℃
Влажность93 %
ДавлениеhPa 1016.17
Скорость ветра9.46 м/с