«Өзің түсесің бе, әлде көмектесейік пе?»- Оралда мектеп оқушысын автобустан түсіріп кетті (БЕЙНЕ)

№4 автобустың кондукторы 13 жасар Вероника Коловертнованы үйінен үш аялдама бұрын түсіріп кетті. Оның аязда жаяу жүруіне тура келді. Көше қараңғы болатын.

Вероника Коловертнова «екінші база» ауданындағы көпірдің астынан дірілдеп қалай жүріп өткенін айтып берді.

ЭБГ ЖОМ 8 сынып оқушысы, 13 жасар Вероника Коловертнова, кешкі 7-ге жақын №2 емханадан анықтама алып қайтып келе жатты.

https://youtu.be/HrO_shZVI5Q

– Мен «Автобекет» аялдамасынан отырып, жолақысын ертерек беріп тастайын деп кондукторға жақындадым. Кондуктор-қыздың нешедесің деген сұрағына, 13 деп жауап бердім. Бірақ ол маған сенбей құжаттарымды көрсетуді талап етті. Менің оған менің барлық деректерім — тегім, атым, туған жылым көрсетілген медициналық анықтамамды көрсеттім. Бірақ оған мұным жарамай, ол маған «өзің түсесің бе, әлде көмектесейік пе? деді- деп Верониа сол кештің оқиғасын еске алады.

Автобустың іші халыққа толы болғанына қарамастан, ересектердің ешқайсысы мектеп оқушысына араша түспегесін, оған автобустан шығуға тура келді.

— Мені «ЖЭО» — нан түсіріп кетті, мен екі аялдамаға кейін -«22-ші мектептен» түсуім керек еді. Үйге жаяу баруға тура келді, көпір астынан өткенде, қорқынышты болды, — дейді Вероника.

Үйге оқушы жылап 40 минутқа жуық уақыт жүріп жетті. Ол үйге көз жасына ерік беріп, қатты тоңып, қорыққанынан дірілдеп келді, дейді оның анасы Любовь Толстова.

— Мен оны қайда іздеу керектігін білмедім. Алдынан шығайын ба, әлде полицияға барайын ба? Қырсық шалғандай сол кеште Верониканың телефоны да өшіп қалады. Мен тіпті оған қоңырау да шала алмадым, — дейді Любовь Толстова.

Келесі күні Любовь №4 маршрут тиесілі автопарк басшылығына хабарласқан болатын, бірақ «Батыс Қазақстан автопаркі» ЖШС кәсіпорнының сайтында көрсетілген нөмірлері бойынша ешкім тұтқаны көтермеген.

– Автопаркті ала алмағасын, әкімдікке бардым. Сол жерде мені ТКШ және жолаушылар көлігі бөлімінің бастығы қабылдады. Аты-жөнін ол айтпады ма, әлде мен есіме сақтамадым ба, білмеймін, есімде жоқ. Ол менің деректерімді күнделігіне жазып алды, бірақ менің өтінішімді қабылдамады, – дейді Любовь.

Біз «Батыс Қазақстан автопаркі»ЖШС басшылығына хабарластық. Кәсіпорынның орынбасары Данияр Мұхтаровпен сөйлесудің сәті түсті.

— Бізге ешқандай шағым түскен жоқ. Мен бұл жағдай туралы ештеңе білмеймін, — деді Данияр Мұхтаров.

Біздің қыздың анасы қоңырау шалып, ала алмаған ғой деген ескертуімізге,ол бұл мүмкін емес, барлық телефондар қосулы деп жауап берді.

— Ол маған жеке қоңырау шалсын. Біз анасымен, қызбен сөйлесеміз, осы жағдайдың қалай болғанын тексереміз, қай автобус екенін, жүргізуші кім екенін анықтаймыз. Егер факт расталса, жүргізуші түсініктеме жазады, – деді Данияр Мұхтаров.

Естеріңізге сала кетейік, осыған ұқсас оқиға Орал қаласында болған еді – 23 қаңтар күні 8 жасар Ерасыл Ризоковты жол ақысына деген ақшасын жоғалтып алғаны үшін №2 автобустан түсіріп тастаған. Баланың аязда үйіне жаяу баруына тура келді. Кейін «ОралТехСервис» басшылығы автобустың кондукторын жұмыстан босатты.

Мария Мельникова

x
2019-08-25
Утром30 ℃
Днем30 ℃
Вечером25.1 ℃
Ночью16.26 ℃
Влажность25 %
ДавлениеhPa 1016.32
Скорость ветра5.36 м/с
2019-08-26
Утром13.19 ℃
Днем21.13 ℃
Вечером18.45 ℃
Ночью12.65 ℃
Влажность37 %
ДавлениеhPa 1023.03
Скорость ветра6.2 м/с