-5oC
$376.26
425.63
rub_icon5.68

БҚО-да 25 жылдан бері мүгедек баласы бар саңырау әйел әлеуметтік көмекке қол жеткізе алмай келеді (БЕЙНЕ)

Мемлекеттің әлеуметтік жүйесі үшін Алтын Дүйсенова мен оның мүгедек қызы еш көмексіз, жәрдемақысыз көзге көрінбейтін жандар қатарында. Әлеуметтік қолдаусыз меңіреу тыныштықта өмір сүру деген-бұл не?

Алтын Дүйсеновада-кереңдіктің төртінші дәрежесі.

Алтын 25 жыл бұрын толығымен естімей қалды. Осы уақыттан бері есту қабілетіне байланысты мүгедектік ала алмай келеді.

«Менде кереңдіктің төртінші дәрежесі, дәрігерлер мені қабылдаудан бас тартуда, маған әлдеқашан мүгедектік беру керек, бірақ оны маған бермей тұр. Ал менің қолымда мүгедектігі ауыр балам бар…».

Алтын қазір 46 жаста. 18 жастан бастап ауырып келеді. Осы жаста ол менингитпен ауырады. Ем-дом алғаннан соң, ауруы бәсеңдеген.. Көп ұзамай тұрмысқа шықты, ал 1994 жылы қыз баланы дүниеге әкелді. Алтынның айтуынша, босану өте ауыр болды. Қыз кемістікпен туылды-туа біткен ми шемені, қояншық ауруымен. Ал жас ана есту қабілетін жоғалтты.

Күйеуі бірден отбасынан кетті.

— Мен оны содан кейін көрмедім, – дейді Алтын. — Менде кереңдіктің төртінші дәрежесі бар, бұл менің мүлдем естімейтінімді білдіреді, – деді ол өз өмірімнің тарихын баяндай келе. Мен қызымның жүрек соғысын естімеймін, мен тіпті өз дауысымды да естімеймін. Меңіреу тыныштық. Босанғаннан кейін есту қабілетім қайта қалпына келеді деп үміттендім. Ауруханаларда жатып, әртүрлі тексеруден өттім, бірақ бәрі бекер. Соңғы бес жылда облыстық аурухананың стационарында жатамын.

«Міне, менің дәрігерлер берген барлық көшірмелерім, талдаулар мен қорытындылар», – деп бір бума қағаз ұсынды ол.

— Былтыр мені кезекті дәрігерлік комиссияға жіберді. Бірақ, бұрынғыдай, маған мүгедектік беруден тартты. Олар маған ауруханада аз жатасың дейді. Айлап жату керек. Ал мен соншалықты уақыт жата алмаймын. Мүгедек қызым бар, оған күтім керек. Менің анам да ауырады. Бірақ мені ешкім тыңдағысы келмейді.

Алтын жұмыс істемейді. Істер еді, қауіпсіздік тұрғысынан жұмысқа алмайды. Дені сау жұмыссыздар да жеткілікті. Кейде бір жерлердің еденін жуып кетеді, бірақ бұл да тұрақты емес. Отбасы мүгедек қыздың зейнет ақысына қарап отыр.

– Кейде маған осылардың бәрінен өте ауыр және қиын болып кетеді. Мен, мүмкін қателесіп тұрған болармын, біздің қоғамда ендігі қалмаған әділдікке қол жеткізгім келеді. Содан кейін барлық ойларымды басымнан шығарып, қызым үшін одан әрі өмір сүремін- дейді Алтын. Оның бетін жас жуып кетті. Ол үнсіз қалды, бөлмеде де меңіреу тыныштық орнады…

Мария Драчева

Бейне: Нұрлыбек Емранов

x
2019-02-18
Утром-5 ℃
Днем-5 ℃
Вечером-5 ℃
Ночью-5.52 ℃
Влажность92 %
ДавлениеhPa 999.24
Скорость ветра8.51 м/с
2019-02-19
Утром-8.13 ℃
Днем-7.47 ℃
Вечером-9.44 ℃
Ночью-13.32 ℃
Влажность93 %
ДавлениеhPa 1016.17
Скорость ветра9.46 м/с