Орал әкімдігі апатқа ұшыраған үйдің тұрғындарына көмек көрсетуден бас тартты

Үй тұрғындары шатыр құлардан бір апта бұрын әкімдіктен көмек сұрады. Бірақ Мұрат Мұқаев ақшаның жоқтығына байланысты жөндеуден бас тартты. Үйдің төбесі құлап, екі пәтерді басып қалды. Енді тұрғындарды ешқандай жағдай жоқ жатақханаға қоныс аударуда.

Қираған үйдің тұрғыны Альмира ауысыммен жұмыс істейтін, түнгі кезекке жұмысқа шақырғанда, өз балаларын үйде жалғыз қалдырудан қорқатын. Өйткені, үйдің шатыры жақында салбырай бастады және кез келген сәтте балаларының үстіне құлауы мүмкін еді. Осы бір оқиғаға бір апта қалғанда әйел әкімге шатырды жөндеу туралы өтініш білдірді.

– Біз 5 ақпанда әкімде болдық, шатырды жөндеу жөнінде сұрадық. Әкім нақты ештеңе айтқан жоқ. «Біз алдымен кімнің қарауында тұрғанын білеміз, содан кейін жөндеуге ақша сұраймыз» — тек осы Мұрат Мұқашевтен естігеніміз, – деді сол үйдің тұрғыны Альмира, бұзылған үйдің алдында бізбен кездескенінде.

Әйел шатырдың құлауынан кейін не болғанын айтты.

– Біз бәріміз ұйықтап жатыр едік, таңғы сағат 5-те көршіміз оятты. Ал менің аяғым ауыр және созылмалы гипертония едім. Қатты толқудан менің қан қысымым күрт көтерілді. Маған «жедел жәрдем шақыруға тура келді», – деді Альмира.

Альмира айтып өткендей, оған Хамид Чурин көшесіндегі жатақханадан бір бөлме берілді, бірақ әйел бөлмені әлі көрмеген. Және балаларымен қандай жағдайда өмір сүруді ұсынып отырғандарын елестете де алмайтынын айтты.

-Шатырдың құлауы алдымен көршілерде басталды. Олар шатырда бір нәрсе құлап кетті деп ойлап назар да аудармаған. Сағат 6-да үйдің ортасының шатыры толығымен қирап, қатты тарсылдап тұрды. Мен жақында инсульт алған көршім құлап қалған болар деп ойладым. Менің енем жүгіріп шығып анда біреудің шатырының құлағанын айтты. Содан кейін көршіміз келіп ТЖД шақырдық шығыңдар деді, – дейді үй тұрғыны Әсем.

Әсемнің сөзіне қарағанда, үй тұрғындарына ТЖД немесе ПИК-тен қоңырау шалып, тұрғындардың наразылықтарына «өздерің кінәлісіңдер, қарды тазалау керек еді»деп айтқан.

— Ал біз шатырды тазалай алмаймыз, себебі барлық жері шіріп тұрғандықтан, онымен жүруге болмайды. Содан кейін полиция келді ,біздер асығыс киініп, құжаттарымызды алып,біреулер балаларын мектепке, ал енді біреулер туысқандарына апарып тастады, – деді Әсем.

Әйелдің айтуынша, төрт пәтер құлаған. Басты құлау болған жерде зейнеткерлер тұрады.

– Бізге Мұхит көшесіндегі жатақханадан бөлме берді. Бірақ біз әлі кілтін алмадық, әзірге бермей тұр, – деді әйел.

Оның айтуынша, кейбір көршілерге Жазирадағы жатақханадан бөлме берілді. Бұл үйде өткен жылы өрт болды, сондықтан да іші қап-қара күйе, ыс пен түтін исі кетпеген. Мұндай жағдайда өмір сүру мүмкін емес деп есептейді көшірілген адамдар.

Құлаған үй тұрғындарының бір бөлігі медиктерге арналған жатақханада орналасты. Алайда оларға тек бір кішкентай бөлме бөлінді.

— Біз берілген тұрғын үйлерден бас тартудамыз, себебі мұндай жатақханада тұрдық, неге сол жағдайда қайтадан өмір сүруіміз керек, — деп ашуланып отыр Әсем.

Мұхит көшесі, 124 үй, 40 жылдан бері қауіпті жағдайда деп саналады, онда

13 пәтер бар. Тұрғындардың көбі зейнеткерлер мен балалар.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін таңертең Мұхит көшесі, 124 мекен-жайында орналасқан көппәтерлі тұрғын үйлердің бірінің шатыры опырылып құлады. ТЖД қызметкерлері 44 адамды көшірді.

Маргарита Зябчук

Видео: Ерсін Мерханов

x
2019-08-25
Утром30 ℃
Днем30 ℃
Вечером25.69 ℃
Ночью16.87 ℃
Влажность26 %
ДавлениеhPa 1016.26
Скорость ветра5.68 м/с
2019-08-26
Утром13.15 ℃
Днем20.5 ℃
Вечером18.06 ℃
Ночью12.75 ℃
Влажность40 %
ДавлениеhPa 1022.83
Скорость ветра6.7 м/с