-5oC
$376.26
425.63
rub_icon5.68

«Қыз өтірік айтады» — автопарк пен Орал әкімдігінің қызметкерлері автобустарды тексерді

Үш кондуктордың арасынан, Вероника Коловертнова өзін түсіріп тастағанды таба алмады. Автопарк пен әкімдік өкілдері қыз бәрін алдаған деп қорытынды шығарды.

– Бүгін бізді «төртінші автобустың» аялдамасына алып келді — мені және Верониканы. Бізбен бірге автопарк директорының орынбасары мен жолаушылар көлігі бөлімінің қызметкері болды. Вероникаға дәл сол күні кеште «ЖҚО» ауданында болды-ау деген үш кондукторды көрсетті. Олардың ішінен қызым автобустан түсіріп тастағанды тани алмады. Содан кейін автопарк өкілі «қыз өтірік айтқан деп мәлімдеуге тура келеді», – деп айтты деді телефон арқылы сөйлескен Верониканың анасы Любовь Толстова.

Әйел мұндай салғырт жалған тексеру жүргізілгеніне күдіктеніп отыр — осы бағытта жүретін автобустар көп болғанмен, Вероникаға тек үш кондукторды көрсеткен.

— Мен бұл тексеруге сенбеймін, менің ойымша, барлығы алдын ала ойластырылған. Бұл автобусты бүгін басқа бағыт бойынша жіберіп немесе мүлдем басқа жолға ауыстыра салған — солай істейтінін білемін. Кезінде өзім осы салада жұмыс істегем, — дейді Любовь Толстова.

Алайда, Любовь кондуктор қызды таба алатынына сенімді.

Естеріңізге сала кетейік,бұл 13 жасар Вероника Коловертноваға қатысты, қыздың жасына сенбей оны автобустан түсіріп тастаған.

Оралда оқушы қызды автобустан түсіріп кеткен кондуктор іздестіруде.

Мұндай жағдай екі апта бұрын да болған еді. 8 жасар баланы «екінші автобус» кондукторы түсіріп кеткен. Кейінірек автопарк басшылығы бұл қызметкерін жұмыстан шығарды.

x
2019-02-18
Утром-5 ℃
Днем-5 ℃
Вечером-5 ℃
Ночью-5.52 ℃
Влажность92 %
ДавлениеhPa 999.24
Скорость ветра8.51 м/с
2019-02-19
Утром-8.13 ℃
Днем-7.47 ℃
Вечером-9.44 ℃
Ночью-13.32 ℃
Влажность93 %
ДавлениеhPa 1016.17
Скорость ветра9.46 м/с