-5oC
$379.29=
426.4=
rub_icon5.93=

Ақтаудың бас судьясы қызметінен босатылды

Ақтау қалалық сотының төрағасы Мәлік Кенжалиев судья әдебіне қайшы келетін теріс қылық жасауына байланысты қызметінен босатылды, деп хабарлайды Лада

Lada.kz мұрағаттан алынған Фото

Судья теңіз жағасында коттедж салу үшін жұмыс бригадасын жалдады, оларға жұмыстары үшін 3,6 миллион теңге төлеуге уағдаласты. Бірақ екі жыл бойы бригадирге қоқан-лоқы көрсетіп, жарты ақшасын қайтармаған. Бұл туралы Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Сот жюриінің тәртіптік комиссиясы 2019 жылы 7 ақпанда Мәлік Кенжалиевті қалалық сот төрағасы қызметінен босату туралы шешім қабылдады.

Комиссия Каспий теңізінің жағасында коттедж салу кезінде Мәлік Кенжалиев жұмыс бригадасын (Өзбекстан азаматтарын) жалдағанын анықтады. Сот төрағасы соманың жартысын төлей отырып, екі жыл бойы ақшаны қайтармай, 1,8 миллион теңге жұмысшыларға қарыз болып қалды.

Бригадир Мәлік Кенжалиевке бірнеше рет телефон арқылы және смс-хабарлама арқылы қалған соманы қайтарып беруді өтініп хабарласқан, бірақ, облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, бұрынғы төраға ақша қайтарудан жалтарып, балағат сөздер айтып, бригадирді түрмеге отырғызамын деп қорқытқан.

– Судья әдебі кодексінің 1-бабына сәйкес судья өз антына адал болуға, этика ережелерін мүлтіксіз сақтауға тиіс. Судья сот билігінің беделін кемітіп, судьяның беделіне нұқсан келтіруі мүмкін кез келген іс — әрекеттерден аулақ болуға тиіс,-деп атап өтті облыстық соттың баспасөз қызметі.

Маңғыстау облыстық соты төрағасының өкімімен Ақтау қалалық соты төрағасының міндетін уақытша Гүлмаржан Әділсұлтани атқарады.

x
2019-04-19
Утром11.41 ℃
Днем11.41 ℃
Вечером9.01 ℃
Ночью-1.59 ℃
Влажность15 %
ДавлениеhPa 1024.929
Скорость ветра4.28 м/с
2019-04-20
Утром-2.73 ℃
Днем7.11 ℃
Вечером8.95 ℃
Ночью4.35 ℃
Влажность31 %
ДавлениеhPa 1025.455
Скорость ветра3.41 м/с