-5oC
$376.26
425.63
rub_icon5.68

БҚО-да екі ақша айырбастаушының өліміне қатысты күдіктінің соты басталды

28 жасар Аманғали Пішенбаев және оның бірнеше сыбайластары сот алдында жауап берді. Олар 51 жастағы Жұмағали Аралбаев пен 46 жасар Талғат Жұмағазиевті өлтірді деп айыпталуда. Соңғысы үш жыл бұрын өз үйінде өлтірілді.

ашық көздерден алынған иллюстрациялық фото

Аманғали Пішенбаевпен бірге күдіктінің ісі бойынша тағы да бірнеше адам өтуде. Өз айырбастау пунктінде бірнеше пышақ жарақатынан қайтыс болған Жұмағали Аралбаевтың өліміне қатысты істе Айболат Маманов пен Алмат Нұрлыханов бар. Үшеуі де адам өлтірілгеннен кейін ұсталды. Бірақ қылмысты тек Пішенбаев өз мойнына алды. Ол ұсталғаннан кейін үш ай өткен соң мойындады. Сол кезде ол 2015 жылы болған тағы бір кісі өліміне қатысын айтты.

– 2015 жылдың қазан айында өз үйінің кіре берісінде менің ағам Талғат Жұмағалиев атылды. Тергеу кезінде Пішенбаев кісі өлтіруге қалай дайындалғанын, шолақ мылтықты қалай кескендерін айтты. Ол өзінің сыбайластарын атады -Жолдас Төлепов, Жолдығали Ниталиев пен Әнуар Өтепов. Қазір олар да сотталуда. Ол сонымен қатар осы кісі өлтіруді ұйымдастырушының атын атады. Бірақ полиция бұл адамды әлі күнге дейін ұстамады. Сотта оның есімі де айтылмайды, – деді «ОА»-на өлтірілген жігіттің апасы Зәуре Жұмағазиева.

Толық материалды сіз 13 ақпанда баспаға шығатын «Орал аптасының» жаңа нөмірінен оқи аласыз.

Елена Мельникова

x
2019-02-18
Утром-5 ℃
Днем-5 ℃
Вечером-5 ℃
Ночью-5.52 ℃
Влажность92 %
ДавлениеhPa 999.24
Скорость ветра8.51 м/с
2019-02-19
Утром-8.13 ℃
Днем-7.47 ℃
Вечером-9.44 ℃
Ночью-13.32 ℃
Влажность93 %
ДавлениеhPa 1016.17
Скорость ветра9.46 м/с