-5oC
$379.29=
426.4=
rub_icon5.93=

БҚО-да зейнеткерді соққыға жыққан полиция қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғаудан бас тартты

Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті қылмыс құрамының болмауына байланысты кафе иесі мен полиция қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғаудан бас тартты.

Николай Шуков, 78 жастағы зейнеткер, кафе иесі мен полиция қызметкері қолынан зардап шеккен.

Полиция өткен күзде 78 жасар Николай Шуковты соққыға жыққан полиция қызметкері Ердәулет Бисенғалиев пен дәмхананың қожайыны Айбатыр Хангереевке, қатысты шара қолдануға уәде берді. Тергеу кезінде зейнеткерді бірнеше рет жауап алуға шақырып, көзбе-көз кездесу жасады. Бірақ бұл кездесуге күдіктінің орнына мүлдем басқа полиция қызметкерін жіберген.

-Мен аға тергеушіге Ерлан Хакимовқа кездесуге келген бұл полицей емес деп айтқанмын. Ол аға лейтенант болды, бұл жай ғана лейтенант. Хакимов, менің сөзімді тыңдамастан, өз нұсқасын бекітті. Оның айтуынша мен кафеге келген кезде мас болғанмын, кафенің иесі мен полиция қызметкері мені соққыға жықпаған -дейді Николай Шукова.

Нәтижесінде 362-баптың 2-бөлігінің 1-тармағы бойынша «ауыр зардаптарға әкеп соққан не күш қолдану немесе оны қолданамын деп қорқыту арқылы жасалған лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану» қозғалған сотқа дейінгі іс қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылды.

Яғни, полицияның болжамы бойынша, 78 жасар Николай Шуковты ешкім соққыға жыққан жоқ. Олай болса, зейнеткердің денесінде жырулар, көптеген ісінулер мен жарақаттар қайдан пайда болған.

Зейнеткер Шуков бұл істі жазасыз қалдырмайтынын айтты.

– Хангереев пен полицейді жазалағанын қалаймын. Мені еш себепсіз ұрып-соғып, екі қабырғамды сындырды, басым әлі күнге дейін айналады. Көзбе-көз кездесуге келген, ана лейтенантты да жалған жауап бергені үшін жауапқа тарту керек, — дейді зардап шеккен зейнеткер.

Естеріңізге сала кетейік, 78 жасар Николай Шуков редакцияға шағымданды. Ол 9 қарашада оны Ақжайық ауданы Бударино ауылындағы жол бойындағы кафенің иесі және учаскелік полиция қызметкері соққыға жыққан. Полиция қызметкері Бисенғалиев пен Хангереев, кафе қожайыны өз кінәсін мойындамайды.

Маргарита Зябчук

x
2019-04-19
Утром11.41 ℃
Днем11.41 ℃
Вечером9.01 ℃
Ночью-1.59 ℃
Влажность15 %
ДавлениеhPa 1024.929
Скорость ветра4.28 м/с
2019-04-20
Утром-2.73 ℃
Днем7.11 ℃
Вечером8.95 ℃
Ночью4.35 ℃
Влажность31 %
ДавлениеhPa 1025.455
Скорость ветра3.41 м/с