Теректі ауданының экс-әкімі мен оның орынбасарының ісі бойынша сотқа дейінгі тергеу тоқтатылды

Кәрім Жақыпов пен Виталий Кушнирге қатысты қылмыс құрамының болмауына байланысты тергеу тоқтатылды

– ҚР ҚК 366-бабының 2-бөлігімен қозғалған қылмыстық іс «елеулі мөлшерде пара алу, сондай-ақ заңсыз әрекет (әрекетсіздік) үшін пара алу» тоқтатылды. Теректі ауданының бұрынғы әкімі Кәрім Жақыпов пен оның орынбасары Виталий Кушнерге қатысты қылмыс құрамының болмауына байланысты тергеу тоқтатылды, – деп хабарлайды БҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ұлттық бюро департаментінің баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, Теректі ауданының бұрынғы әкімі Кәрім Жақыпов пен оның орынбасары Виталий Кушнер пара алды деп күдіктенген болатын. Кәрім Жақыпов 2011-2013 жылдары Батыс Қазақстан облысының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасының басшысы қызметін атқарды. 2013 жылы БҚО Зеленов ауданының әкімі болып тағайындалды. 2017 жылы аудан әкімдігі Toyota Land Cruser 200 жол талғамайтын көлігін сатып алуға 24,5 млн.теңге бөлді. Кейін бұл сатып алудың заңсыз және негізсіз жүргізілгені анықталды. Автокөлік аудан балансынан алынып, облыс әкімдігінің балансына берілді. Осыдан кейін Кәрім Жақыпов Теректі ауданының әкімі қызметіне ауыстырылды. 2018 жылдың қазан айында Кәрім Жақыпов аудан әкімі қызметінен өз еркімен босатылды.

Бұрынғы әкімнің орынбасары Виталий Кушнер лауазымына 2016 жылы тағайындалды. 2018 жылдың 22 қазанынан бастап Виталий Кушнер өз еркімен жұмыстан босатылды.

Мария Драчева

x
2019-08-19
Утром31 ℃
Днем31 ℃
Вечером31 ℃
Ночью25.75 ℃
Влажность24 %
ДавлениеhPa 1019.22
Скорость ветра3.7 м/с
2019-08-20
Утром24.43 ℃
Днем34.84 ℃
Вечером31.65 ℃
Ночью23.49 ℃
Влажность16 %
ДавлениеhPa 1018.77
Скорость ветра3.67 м/с