+2oC
$378.17=
429.11=
rub_icon5.88=

Астананың қақ ортасында ер адам газбаллонды жарып жібермек болды

Астана қаласының сол жағалауындағы «Қазмедиаорталығы» (КМО) ғимаратының жанында ер адам, егер билік оның талаптарын орындамаса, газ баллонын жарамын деп қорқытты, деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Sputnik Қазақстан фотосы

КМО ғимаратының аумағын полиция қызметкерлері қоршап алды. Ғимараттан ешкімді шығарған жоқ. Кейін оқиға орнына арнайы жасақ қызметкерлері келді.

Болжам бойынша, ер адам Жамбыл облысы Ойтал ауылынан келген. Оның билікке деген талабы-ол 20 жыл бойы күткен жер учаскесін алу, деп хабарлайды жергілікті басылымдар.

Бір сағатқа созылған келіссөздерден кейін, ер адам күштік органдардың қызметкерлеріне берілді, оны полиция бөлімшесіне алып кетті.

КМО ғимаратына келген ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз журналистерге ер адамның іс-әрекеті «қоғамдық тәртіпті бұзу» деп бағалануы мүмкін, алайда оның іс-әрекетін нақты анықтау оқиғаны тергеу қорытындысы бойынша беріледі деп хабарлады.

x
2019-03-24
Утром2 ℃
Днем2 ℃
Вечером2 ℃
Ночью2.07 ℃
Влажность93 %
ДавлениеhPa 1012.95
Скорость ветра4.33 м/с
2019-03-25
Утром0.38 ℃
Днем0.74 ℃
Вечером0.52 ℃
Ночью0.38 ℃
Влажность94 %
ДавлениеhPa 1008.08
Скорость ветра7.2 м/с