+2oC
$378.17=
429.11=
rub_icon5.88=

20 789 теңге – Қазақстанда аз қамтылған отбасы балаларына атаулы әлеуметтік көмек

1 шілдеден бастап бұл соманы 18 жасқа дейінгі балаларға төлейтін болады. Кәмелетке толған соң оқып жатқандарға төлеу мерзімі 23 жасқа дейін ұзартылады.

Ашық көздерден алынған иллюстрациялық фото

Атаулы әлеуметтік көмек(АӘК) табысы кедейлік шегінен төмен отбасыларға беріледі. Биылғы жылы кедейлік шегі – 14 849 теңге немесе 50% ең төмен күнкөріс деңгейі (ЕТКД) – 29 698 теңге.

— 1 шілдеден кейін (АӘК) тағайындау өзгереді. Ең төмен күнкөріс деңгейі (ЕТКД) 50%дан 70% дейін өседі. Аз қамтылған отбасы балаларына ең төмен күнкөріс деңгейінің (ЕТКД) 70 пайызын немесе 20 789 теңге төлейді. Табысы 60 000 теңге болатын, 4 баласы бар отбасыларға 1 шілдеге дейін 29 000 теңге төленеді, ал шілде айында мөлшері 75 000 теңгеге ұлғайып, 104 000 теңгені құрайды. 40 000 теңге табысы бар 2 баласы бар отбасылар қазір 19 396 теңге алады, кейін бұл сома 43 760 теңге болады және 63 156 теңгені құрайды, – деп хабарлады жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Алтай Құлқаев.

АӘК үшін тұрғындар халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгіне алады. Ауылдық жерде тұратын азаматтар ауыл әкіміне жолығу керек.

Өткен жылы АӘК бойынша 728,2 млн.теңге төленді. 3 559 отбасы қамтылды, оның ішінде көп балалы 544 отбасы, жалпы 16 796 адам, оның ішінде 9 432 бала.

Мария Драчева

x
2019-03-24
Утром2 ℃
Днем2 ℃
Вечером2 ℃
Ночью2.07 ℃
Влажность93 %
ДавлениеhPa 1012.95
Скорость ветра4.33 м/с
2019-03-25
Утром0.38 ℃
Днем0.74 ℃
Вечером0.52 ℃
Ночью0.38 ℃
Влажность94 %
ДавлениеhPa 1008.08
Скорость ветра7.2 м/с