+2oC
$378.17=
429.11=
rub_icon5.88=

11 жасар Оралдық Ержан Максим жұлдызды қазылар алқасын орындарынан тұрғызып қол соқтырды (БЕЙНЕ)

Біздің кішкентай жерлесіміз ресейлік бірінші арнада «. Балалар Дауыс-6″музыкалық тележобада өнер көрсетті. Соқыр тыңдаулар байқауының бірінші кезеңінен бала тек әділ қазылар алқасын ғана тәнті қылмады. Ол залдағы көптеген аудиторияны да, телекөрермендерді де, интернет-кеңістік ресурстарын пайдаланушыларды да бағындырды.

Ержан Максим Андрей Бочеллидің әнін итальян тілінде орындады. Ән мәтінін Бочеллидің өзі жазған. Автор оны 2006 жылы Туриндегі Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты үшін арнайы жазды. Ән «Ama credi vai» деп аталады, оның нұсқасы ағылшын және нидерланд тілдерінде бар. Ержанды бір рет естігенде, тағы да тыңдағың келеді. Байқаудың бастапқы кезеңінде баланың қуанышын бөлісе отырып, «ОА» журналистері Ержанның отбасын осы оқиғамен құттықтауды шешті.

Ержан мен оның анасы Гүлмира Әлібек қазір Мәскеуде жүр. Анасы ұлын Конкурстың екінші «Жекпе-жек» кезеңіне дайындалуына қолдау көрсетуде. Бірақ бізді Ержанның әкесі Ербол Нұғманов қарсы алды.

– Ержан- үйдің кішісі, бізде тағы екі үлкен қыз бар. Ол үш-төрт жаста болған кезде, біз жолдасымыз екеуміз оның бір жерлерден естіген әндерді айтып жүргенін байқай бастадық. Тіпті бір рет естісе де, әуенін жаңылыспай айтып жүрді.Жолдасымыз екеуміз ойланып, оны вокалмен айналысуына бел будық. Ол бес жаста болғанда, мен оны Дария Бакытоваға бердімм, ол Жастар МҮ кішкентай балаларымен вокалмен айналысады, — дейді Ербол Нұғманов.

Дария Бакытова-Орал филармониясындағы жетекші әнші және Ержанның мұғалімі. Ол кісімен де сұхбаттасудың сәті түсті. Өзінің жұмысбастылығына қарамастан, әнші өзінің оқушысы туралы әңгімеге уақыт бөлді.

– Филармониядағы өз жұмыстарымнан басқа, мен қосымша музыкалық үйірмелерді жүргіземін. Балаларды эстрадалық жанрға үйретемін. Кішкентай Ержанды әкесі маған қолынан жетектеп әкелгені есімде. Содан бері біз онымен бірге айналысамыз. Бастапқыда ол сахнаға шығудан қорқатын, кейде тіпті жылаған кездері болды. Бірақ бірте-бірте шындалып, оның қорқынышы басылды. Қазір оның жетістіктері көп, ол көптеген қалаларды аралап, халықаралық байқауларға қатысты, – дейді Дария Бақытова.

Дария Бакытованың айтуынша, Ержан болған жерлердің бәрінде вокал бойынша басқа да мамандардан да шеберлік-класстар алды. Осылайша тәжірибе жинақталды. Ержан-отбасындағы кенжесі, сондықтан сәл еркелеу және өте пысық бала.

– Бірақ, егер Ержан бұдан басқаша болса, ол қазіргі нәрсеге қол жеткізбес еді. Оның дауысы сирек кездесетін, менің ойымша, мың адамның ішінде тек біреуінде болатын дауыс. Дауыс ауқымы және оны жеткізуі-жоғары деңгейде. Ал ол әлемдік орындаушылардың әнін шырқайды. Ержан қатысатын жобаға үміт білдіргендер өте көп болды, бірақ тек 130 адам қалды. Ал финалға тек 6-ы шықты. Әрине, мен оқушымнан тек жеңіс күтемін. Ал мен оған сенемін, ол міндетті түрде жеңеді, — деді мұғалім.

2016 жылы Ержан Грузияда Батуми қаласында өткен «Дельфин Фест» фестивалінде бас жүлдені жеңіп алды. Осындай байқауға Латвияда қатысып бірнеше номинация бойынша, екі алтын және бір күміс медаль жеңіп алды. Байқау 2016 жылдың желтоқсанында өтті. 2017 жылы Витебск қаласында өткен «Славян базары» халықаралық байқауында 2-ші орынды иеленді.

– Ол кезде Ержанға қатты салқын тиген еді,дәрігерлер оған ән айтуға рұқсат бермеді. Бірақ ол бәрібір онда ән айтты. Ең таңқаларлығы, ол жүлделі орынға ие болды. Біз осылай болады деп ойлаған жоқпыз, — деп есіне алады Ержанның әкесі.

Жыл сайын Италияда өтетін «San-Remo junior» фестивалінде Ержан симфониялық оркестрмен бірге жанды дауыста ән шырқады. Онда ол финалист болды.

Баланың кубоктары, құрмет қағаздары, дипломдары өте көп. Оның барлық марапаттарының арасында қазақстандық әнші Димаштың суреті бар.

– Бір жыл бұрын Ақтөбеде байқау өтті. Байқаудың ұйымдастырылуымен Димаш, оның ата-анасы және Ақтөбе қаласының әкімдігі айналысты. Ержан бұл байқауға қатысып, гран-при және 1 млн теңге сертификатына ие болды. Сол жерде ол Димашпен танысты,қазір олар достар, — дейді Ербол Нұғманов.

Ержан вокалмен көп айналысады, дауыс байламдары үшін арнайы жаттығулар жасайды. Оған мастер-класстар алған кезде оны аға тәлімгерлер үйретті. Бала Исатай Тайманов атындағы мектеп-гимназияның алтыншы сыныбында оқиды. Ол өз уақытын ән мен музыкаға бөлгеніне қарамастан, жалпы білім беретін мектепте жақсы оқиды. Сондай-ақ ол фортепиано сыныбы бойынша музыкалық мектепте үшінші жыл айналысуда.

– Спортқа да балам бей-жай қарамайды, ол футбол мен роликте сырғанауды жақсы көреді. Оның Орал, Мәскеу қалаларында да, сондай-ақ конкурстарға қатысқан барлық қалаларда да достары өте көп.

«Дауыс» жобасында соқыр тыңдау кезінде Ержанға бірінші болып Пелагея бұрылды. Жұлдыз баланың әніне риза болды.

Пелагеяның айтуынша, Ержан дауысымен адамдарды емдеуге болады,оны тыңдай отырып, ерекше жағдайға тап боласың. Ол Ержан тәлімгерге оны таңдағанын осыншама қалады.

Светлана Лобода да Ержанды тыңдағаннан кейін осындай жағдайда болды.Ол да оны өз командасына қуана қабылдайтын. Бірақ Ержан Максим Валерия Меладзені таңдады.

– Байқауға қатысқанға дейін менің ұлым бір кездері осы жобаға қатысатын болса, онда тәлімгерге Меладзені таңдайтынын айтатын. Міне, ол арманы орындалды. Мен ұлымның қалайтын және армандайтын нәрселердің бәрі орындалып жатқанына өте қуаныштымын. Әр ата-анаға олардың баласы өзі ұнатқан нәрсесімен айналысып, жеңіске жеткені қуантады. Біз оны тек қолдауымыз керек, — дейді Ержанның әкесі.

Ербол Нұғмановтың айтуынша, Ержан жетіде болған кезінде ол «Жаңа толқын»байқауында өнер көрсетті. Сол кезде музыка профессорлары Ержанның дарыны көктен деп айтты.

– Мүмкін, менің ұлымның дауысы шынымен де көктен берілген сый болар, енді сол берілген нәрсені сақтап, ары қарай дамыту керек. Мен ұлымды осыған үйретудемін. Ең бастысы дені сау болсын, ал қалғаны болады. Ол жеңеді, біз оған сенеміз, — деді Ербол Нұғманов.

Мария Драчева

Бейне: Нұрлыбек Емранов

x
2019-03-24
Утром2 ℃
Днем2 ℃
Вечером2 ℃
Ночью2.07 ℃
Влажность93 %
ДавлениеhPa 1012.95
Скорость ветра4.33 м/с
2019-03-25
Утром0.38 ℃
Днем0.74 ℃
Вечером0.52 ℃
Ночью0.38 ℃
Влажность94 %
ДавлениеhPa 1008.08
Скорость ветра7.2 м/с