+2oC
$378.17=
429.11=
rub_icon5.88=

«Ал мені су баспайды»: Орал қаласының тұрғыны су тасқыны қаупі туралы(БЕЙНЕ)

Осы қыста қардың рекордтық саны қала мен облыс тұрғындарына су тасқыны қаупін төндіріп тұр. Саяжай тұрғындары су тасқыны туралы не ойлайды және дайындықтарын білу үшін, ТЖ қызметкерлері журналистермен бірге «Речник»саяжай қоғамына барды.

Рейд алдында ТЖ қызметкерлерін сапқа тұрғызу. Фото Ерсін Мерханов

– Мен су тасқыны болмайды деп үміттенемін. Ал егер бола қалса, балаларымды анама беріп, өзіміз үйімізді күзетеміз. Бізде мұнда қарды ешкім тазаламайды, балалардың мектепке баруы мүмкін емес. Мен ортаншы ұлымды мектепке шығарып саламын, оны ашық жолға дейін көтеріп барамын, өйткені қар белінен келеді, — дейді саяжай қоғамының тұрғыны Анастасия Татаркина.

Татьяна күйеуімен және үш баласымен бірге саяжайда бірінші қыстауда. Кішісі үште,сонымен үйде отыр. Үлкен балалары № 13 мектепке барады.

— Бізді су басуы мүмкін екенін түсінеміз, бірақ біз үйге жиһаз, тұрмыстық техника сатып алдық. Бір үміт-су тасқыны мүмкін болмас, – дейді Анастасия Татаркина.

Бедер Хабаев та саяжайда бірінші жыл тұруда. Ол су тасқыны болатынын біледі, барынша дайындалған.

— Менің ата-анам да он жылдай саяжайда тұрып, сосын қалаға көшті. Мен құжаттарды, бірінші қажеттілік заттарды дайындадым. Балаларымыз, мен де әйеліммен бірге су тасқыны кезінде № 33 мектепке барамыз. ТЖ қызметкерлері онда эвакуациялық пункт болатынын ескертті, – дейді Бедер Хабаев.

Бебердің айтуынша, ол 2005 жылы оның ата-анасын осы саяжайда қалай су басқанын есінен шығармаған.

— Басқа не істей алам, он жыл бойы отбасымызбен бірге пәтер жалдап тұрдық, шаршадық, ал саяжай өз үйіміз сияқты, – дейді ер адам.

Николай Шаглиев саяжайда, әйелі мен ұлымен көп жылдан бері тұрады. — Мен су тасқыннан қорықпаймын, тіпті бәрін су басса да, менің үйім аралдағы сияқты. Құрғаққа дейін мен қайықпен барамын, ол осындай жағдайлар үшін алынған. Ал егер судың салдарынан жарық болмаса, қорқынышты емес, бір ай шыдауға болады. Бірақ мен бұл жерден ешқайда бармаймын, – дейді Николай Шаглиев.

ТЖ қызметкерлері адамдарға өзіне және жақындарына мұқият болуға және өз денсаулығы мен өміріне қауіп төндірмеуге кеңес береді. Су тасқыны кезінде туысқандарына немесе эвакуациялау пункттеріне көшу керек.

— Бұл саяжайлар жыл бойы тұру үшін қарастырылмаған. Олар төменгі жақта орналасқан. Осындай қардың көптігінен, су тасқынының болуы әбден мүмкін. Әрине, біздің міндетіміз адамдарды құтқару және біз мұны жасап жатырмыз және жасаймыз. Бірақ тұрғындар өз өмірлерін қатерге тігіп, су басу кезінде саяжайда қалатын жағдайларға жеткізбеу керек. Олардың қырағылығына үміт артамыз,- деді ТЖ департаменті бастығының орынбасары Ақылбек Ахметжанов.

Мария Драчева

Бейне: Ерсін Мерханов

x
2019-03-24
Утром2 ℃
Днем2 ℃
Вечером2 ℃
Ночью2.07 ℃
Влажность93 %
ДавлениеhPa 1012.95
Скорость ветра4.33 м/с
2019-03-25
Утром0.38 ℃
Днем0.74 ℃
Вечером0.52 ℃
Ночью0.38 ℃
Влажность94 %
ДавлениеhPa 1008.08
Скорость ветра7.2 м/с