+2oC
$378.17=
429.11=
rub_icon5.88=

Орал қаласының орталығында полиция қызметкері ЖКО орнынан ізін суытты (ФОТО, БЕЙНЕ)

Полиция қызметкерлері қызметтік автокөлікпен Орал орталығында жол-көлік оқиғасын жасады. Бірақ оқиға орнына өз әріптестерін шақырудың орнына олар оқиға орнынан бой тасалады.

Оқиға орнында жол-көлік оқиғасына қатысқан полиция қызметкерінің НИВАсы

Жол-көлік оқиғасы 14 наурызда сағат 10:50-де Достық даңғылы мен Еуразия даңғылының қиылысында орын алды. НИВА полицей автокөлігі Достық даңғылынан Еуразия даңғылына бұрылған қара минивенмен соқтығысты. Жол — көлік оқиғасының салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ, бірақ қара түсті минивенге материалдық залал келтірілді-машинаның алдыңғы бамперін жұлып алған.

— Мен Юбилейная аялдамасы жағынан келіп, «Денвик»дүкеніне қарай Еуразия даңғылына бұрылу үшін қарсы көліктерге жол беріп қиылыста тоқтадым. Бағдаршам сары түске ауысқанда, мен Достық бойындағы барлық қарсы ағын көліктері тоқталғанына көз жеткізіп және қозғалыс ережелерімен ұйғарылғандай маневрімді аяқтадым. Осы сәтте Революция аялдамасы жақтан үлкен жылдамдықпен көше қиылысында полиция машинасы шыға келіп, менің машинамды ұрды. Полиция қызметкерлері мені сиренамен және жарқылдауық маяктармен келе жатқанда жібермедің деп қорқыта бастады. Бірақ мұның бірі де болған жоқ. Кішкене әңгімеден кейін аға офицер өзінің қарамағындағыға оқиға орнынан кетуге тапсырма берді, – дейді қара түсті минивеннің жүргізушісі Марат.

Полиция машинасы соққан Минивен

«ОА» журналистері жол-көлік оқиғасының орнында болды.Өзін учаскелік полиция қызметкері Мұсағалиевпін деп таныстырған полиция офицері журналистерге осы сәтте түсірілім жүргізуге кедергі келтірмек болды.

Журналистерге жол-көлік оқиғасының орнын түсіруді тоқтатпақ болған полиция офицері Мұсағалиев

Журналистер өздерін таныстырған соң офицер біздің сұрақтарға жауап беруден бас тартып, оқиға орнынан кетіп қалды.

Жол-көлік оқиғасына кінәлі полиция машинасы оқиға орнынан кетіп бара жатыр.
x
2019-03-24
Утром2 ℃
Днем2 ℃
Вечером2 ℃
Ночью2.07 ℃
Влажность93 %
ДавлениеhPa 1012.95
Скорость ветра4.33 м/с
2019-03-25
Утром0.38 ℃
Днем0.74 ℃
Вечером0.52 ℃
Ночью0.38 ℃
Влажность94 %
ДавлениеhPa 1008.08
Скорость ветра7.2 м/с