+2oC
$378.17=
429.11=
rub_icon5.88=

БҚО-да Аралтал ауылының тұрғындарын еріген қар суы басуда (БЕЙНЕ)

Аралтал Ақсай қаласынан үш шақырым жерде орналасқан, онда 2017 жылы Березовка ауылының адамдары қоныс аударды. Тұрғындар үйі тұрған көшелерден қар шығарылмайды. Еріген су аулаларға ағып, үйлердің іргетасын басып, су құятын шұңқырларды толтыруда. Мұндай жағдайға Аралтал тұрғындары өте алаңдаулы.

Су жолдан ағады, себебі жолдың екі жағы тау болып үйілген қар. Ал күн жылынған кезде қар тез еріп, су бізге көрші екеуміздің ауламызға ағып кірді, — дейді Аралтал кентінің тұрғыны Татьяна Чукарина.

Татьяна Чукаринаның айтуынша, кентте әкімнің тұрғындармен кездесуі болды. Осы кездесуде аудан әкімі көшелерден барлық қарды шығаруға уәде берді. Қар тек бір рет шығарылды, содан кейін күшті борандар болды, содан соң ешкім ештеңе шығарған жоқ.

— Екі апта бойы әкімдікке хабарласудамын. Онда тек қарды шығарамыз деп уәде береді де қояды, ары қарай ештеңе жоқ. Бұрынғы березовлықтар тұратын көшедегі үйлердің барлық аулаларында бір-ақ мәселе-еріген қар суы. Ол тек аулаларды ғана емес, су құятын шұңқырларды да толтыруда.

– Мен су сору көлігін жиі шақыра алмаймын, біз үшін атаңмен бұл қымбат. Ал , су құятын шұңқырлар тез толады, бұл күн әлі дұрыс жылынбаған кезде. Содан кейін не болады? —деп налиды кент тұрғыны зейнеткер Анна Фонякова.

Анна Фонякованың айтуынша, олар күйеуімен бірге зейнет жасында, қарды жинау, одан соң шығару екеуіне өте қиын.

– Менің үйімнің жанында да осындай су. Су құятын шұңқырлар тез толып кетуде, су сору көлігін жалдаудан шаршадық дейді ауыл тұрғыны Светлана Колесникова.

Кент тұрғындары БАҚ-қа көмек пен қолдау сұрап, жағдайдың түзелетініне үміт білдірді.

— Сондай — ақ біз БҚО әкімі Алтай Көлгіновқа, бізге назар аударып, жағдайды шешуге көмектесуіңізді сұраймыз, – деді Татьяна Чукарина.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Аралталдың тұрғындары «Орал апталығы» редакциясына осындай мәселемен жүгінген болатын.

Мария Драчева

x
2019-03-24
Утром2 ℃
Днем2 ℃
Вечером2 ℃
Ночью2.07 ℃
Влажность93 %
ДавлениеhPa 1012.95
Скорость ветра4.33 м/с
2019-03-25
Утром0.38 ℃
Днем0.74 ℃
Вечером0.52 ℃
Ночью0.38 ℃
Влажность94 %
ДавлениеhPa 1008.08
Скорость ветра7.2 м/с