+7oC
$378.93=
423=
rub_icon5.87=

БҚО-да соңғы 10 жылда туберкулезбен ауыру үш есеге төмендеді

Бұл жаңа жоғары тиімді препараттарды қолдану және науқасты емдеуге жеке көзқарас есебінен жүреді.

Иллюстрациялық фото

Бұл туралы бүгін «Туберкулезге қарсы күрес бойынша кешенді жоспарды іске асыру, проблемалар, шешу жолдары»тақырыбындағы брифингте БҚО туберкулезге қарсы диспансердің эпидемиологиялық бөлімінің меңгерушісі Татьяна Новокрещенова мәлімдеді.

– Әңгіме туберкулездің тіркелген жаңа жағдайларының саны туралы болып отыр. Егер 2008 жылы жыл сайын 800 — 900 жаңа жағдай тіркелсе, 2018 жылы — 310 жағдай тіркелді. Яғни соңғы 10 жылда аурушаңдық 3,2 есеге төмендеді, – деді Татьяна Новокрещенова.

Тубдиспансер меңгерушінің айтуынша, осы аурудың пайда болуына нашар тұрмыстық жағдай және тұрақты табыс пен тұрғын үйдің жоқтығы ықпал етеді. Бірақ бұған қарамастан,соңғы уақытта өмір жақсарды, соның арқасында науқастар азайған, деп қосты ол.

– Туберкулез диспансерінің бактериологиялық зертханаларында қазір туберкулезді диагностикалаудың генно-молекулярлық экспресс әдістері қолданылады. Егер бұрын диагноз қою үшін 3-4 ай талап етілсе, қазір екі апта ішінде туберкулезді зертханалық түрде растай аламыз, — деді маман.

Оның айтуынша, науқастар туберкулезге қарсы препараттармен толық көлемде қамтамасыз етіледі. Емдеу мемлекеттік қаражат есебінен тегін жүргізіледі.

Маман айтып өткендей, 2018 жылы Денсаулық сақтау министрлігінің №39 бұйрығы шықты. Оған сәйкес науқасты емдеу және бақылау жалпы практика дәрігерлеріне толық беріледі.

– Туберкулезбен ауыратын науқастарға қатысты денсаулық сақтау саясатының негізгі бағыты-бұл науқасқа медициналық көмекті жақындату. Науқас өзі барып, өз қаражатын жұмсамауы үшін, тұрғылықты жері бойынша емханаға жүгіну мүмкіндігі болуы үшін, – деп толықтырды ол.

Тубдиспансер меңгерушісінің айтуынша, өткен жылдан бастап науқастарға туберкулезге қарсы препараттарды қабылдау курсын қысқартуға мүмкіндік беретін қысқа мерзімді және жеке емдеу режимі енгізілді.

-Егер бұрын емге 2 жыл кеткен болса, қазір 9 ай ішінде емдеуге болады. Жаңа емдеу әдістері жақсы нәтиже беруде, – деді Татьяна Новокрещенова.

Маргарита ЗЯБЧУК

x
2019-05-19
Утром7 ℃
Днем7 ℃
Вечером7 ℃
Ночью4.93 ℃
Влажность60 %
ДавлениеhPa 1013.06
Скорость ветра4.75 м/с
2019-05-20
Утром5.13 ℃
Днем12.5 ℃
Вечером10.74 ℃
Ночью6.59 ℃
Влажность41 %
ДавлениеhPa 1017.75
Скорость ветра5.81 м/с