+10oC
$378.93=
423=
rub_icon5.87=

Оралда зираттардың қоршаулары қорымнан шығарылуда (БЕЙНЕ)

Біздің қаланың тұрғыны оқиға куәгері болып, камераға көргенін түсірді.

Бейнеде бірнеше ер адам зираттың бүйір жағынан қолындағы қоршаулармен қалай шыққаны жақсы көрінеді. Қоршауларды ер адамдар «ГАЗель» көлігіне тиеп, қайтадан басқасына оралуда. Барлығы күндізгі уақытта өтуде. Бейне әлеуметтік желілер арқылы тез таралып кетті. Ал қалалықтардың зиратта не болып жатқандығы туралы сұрақтар туындады.

«ОА» журналистері ескі қалалық зираттың директоры Владимир Квитковқа жүгінді.

– Үрейленудің қажеті жоқ деп бірден айтқым келеді. Ешкім де қоршауды ұрлап жоқ. Қорымда зираттарды өз еркімен тазалап, жинайтын бір топ адам жұмыс істеуде. Онда ескісін жаңа қоршаулармен қоршап, бұрыңғысы сол жерде қалған зираттар бар. Олар өте көп, сондықтан оларды алып, металл сынықтарын қабылдайтын жерге тапсыруда. Түскен ақшаға зиратқа қоршаулар, құлыптар орнатамыз, барлығы бақылауда – деді зират директоры Владимир Квитков.

Владимир Квитковтың айтуынша, біздің қаламыздың бей-жай қарамайтын тұрғындары атаманы Вячеслав Солодилов болып табылатын «Казаки» қоғамы ескі зиратты ретке келтіруге шешім қабылдады.

– Зиратқа 150 жыл. Егер біз оны жинап, тазаламасақ – не болады? Біздің зиратты тазалау жобасын қалалық және облыстық әкімдік қолдады. Біз зиратты ерікті негізде тазалап, ретке келтіреміз. Ата-аналар күніне жақынырақ біз көптеген еріктілерді шақырғымыз келеді және біз мерекеге қарай зиратты одан әрі жақсарта аламыз. Ал мереке алдында зираттарды жинайтын адамдарға қоқысты қалай болса солай тастамауын түсіндіру керек. Оны қаптарға салып, жол бойына қойса, шығаруға ыңғайлы болар еді, — деді Вячеслав Солодилов.

Мария Драчева

x
2019-05-19
Утром10 ℃
Днем10 ℃
Вечером10 ℃
Ночью7.33 ℃
Влажность60 %
ДавлениеhPa 1013.06
Скорость ветра4.75 м/с
2019-05-20
Утром6.33 ℃
Днем12.5 ℃
Вечером10.74 ℃
Ночью6.59 ℃
Влажность41 %
ДавлениеhPa 1017.75
Скорость ветра5.81 м/с