БҚО Төңкеріс ауылының тұрғыны: «Бұл жерде 8 айдай тұрамын, мына жағдайдан әлі есеңгіреп отырмын»

Боран басқан жолды қыс бойы тазаламағандықтан кент тұрғындары бір жұмадан бері ауылға кіре де, шыға да алмай отыр. Кенттен жақын жолға дейін — 12 шақырым.

«Әкімнің бір күрекке тазалаған жолы» — Төңкеріс ауылының тұрғыны Наталья.

«Орал апталығы» редакциясына Төңкеріс ауылының тұрғыны хат жазып, ол және оның ауылдастары қалай өмір сүретінін айтып берді.

— Мен сізге барлық кент атынан жазып отырмын. Біздегі үлкен қайғы — жолдың жоқтығы! Біз бір аптадан бері өркениеттен алшақпыз. Жол қыстай тазаланбайды. Егер жолға шығу керек болса, онда 12 шақырым қар көлігімен ғана, ал бұл 5000 теңге тұрады. Ал Төңкерісте бұлай жүруге, бәрінің қалтасы көтермейді. Ата-аналар кішкентай балалармен жаяу жүреді. Басқа не істейді? – дейді Төңкеріс ауылының тұрғыны Наталья.

Наталья айтуынша, өзі де жиі ауырады, оның аритмиясы бар. Оған үнемі дәрі қажет. Кентте алғашқы көмек көрсету бойынша медпункт бар. Медициналық пунктте дәрі-дәрмек жоқ, себебі дәрігер Федоров ауданына шыға алмайды.Төңкерісте «Жедел көмек» автокөлігі де бар, бірақ ол да қалың қардан шыға алмайды. Барлық машиналар қарда кептеліп жатыр. Жалғыз дүкенде азық-түлік,тіпті нан да жоқ.

Төңкеріс кентіндегі жол

– Біздің әкім-көрші Долинный кентінде, бізге сирек келеді. Ал егер келсе, онда ол үшін жол тазаланады. Мен әкімдікке шағымдануға бардым, бірақ онда олар тек шарасыздықтан қолдарын сермейді. «Наталья, сіз мұнда өз аяғыңызбен келдіңіз, 12 шақырым жолды да жаяу жүре аласыз» деді. Масқара! Ал мен жолды орман жолағының бойымен тазалауды өтінгім келді, ал олар сол уақытта грейдер тазалайтын еді. Олар бір күрекке тазартты.Біз әзер өттік, ал «ГАЗельді» трактор шығарып алды, — дейді Наталья.

«ОА» журналистері ауыл әкімі Талғат Манатауовқа телефон шалды.

– Екі техника бірлігі төрт күн бойы Төңкерісте жұмыс істеуде. Кеше мен күні бойы қастарында болдым. Халықты қарау үшін Федоровкадан келген терапевпен кездестім. Дүкенде қазір нан бар. Жедел жәрдем дәрілері де бар. Бізде мұндай жағдайлар болды, бірақ бұл күшті боран болған кезде. Қазір бәрі дұрыс, – деді Талғат Манатауов.

Талғат Манатауовтың айтуынша, жолды ол үшін емес, онда тұратын адамдар үшін тазалайды. Төрт күннің біреуінде қар тазалайтын техника жұмыс істемемей, сынып тұрды. Кешеден оларды жұмысқа апарып, үйлеріне алып кетіп жүрмін, өйткені техника Төңкерісте қалды, ал өздері Федоров кентінде тұрады. Бүгін таңертеңнен бастап олар қайтадан жұмыс істеуде.

Мария Драчева

x
2019-10-14
Утром11.11 ℃
Днем15.95 ℃
Вечером11.4 ℃
Ночью8.95 ℃
Влажность58 %
ДавлениеhPa 1017.36
Скорость ветра8.23 м/с
2019-10-15
Утром10.15 ℃
Днем20.19 ℃
Вечером14.92 ℃
Ночью9.04 ℃
Влажность45 %
ДавлениеhPa 1012.23
Скорость ветра12.05 м/с