Оралда жол апатынан екі адам қаза тауып, екі адам жарақат алды

Куәгерлердің айтуынша, апат Самар кеден бекетінен бір шақырым жерде Қазақстан жағында орын алған.

– Мен кеше Самараға бардым, таңғы онда кеден бекетіне жақындағанда, жүк автокөлігінің «Пассат Джетта»жеңіл машинасын соққанын көрдім. Машинада жүргізушімен бірге тағы үш адам болды. Үшеуі де студенттер сияқты көрінді. Апаттың күшті болғандығы сондай, жолаушылардың бірі — қыз бала есінен танып қалды. Жігіттерде түрлі сынықтар бар. Жолда қатты қар құрсауы болды, жүк көлігі қарсы бағытқа шығып, машиналар бір — бірімен соқтығысып қалды, – деді апат куәгері Дмитрий.

Полиция департаментінен бүгінгі күнге түсініктеме болған жоқ.

— Екі адам қаза тауып, екі адам зардап шекті. Зардап шеккендердің жағдайы туралы әзірге ақпарат жоқ, — деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Мария Драчева

x
2019-07-18
Утром22.35 ℃
Днем22.35 ℃
Вечером22.35 ℃
Ночью20.57 ℃
Влажность72 %
ДавлениеhPa 1007.57
Скорость ветра3.62 м/с
2019-07-19
Утром21.41 ℃
Днем27.51 ℃
Вечером25.65 ℃
Ночью19.94 ℃
Влажность46 %
ДавлениеhPa 1010.53
Скорость ветра3.85 м/с