Оралда жолдағы шұңқырларға байланысты алты көлік жүргізушіге дөңгелек ауыстыруға тура келді (БЕЙНЕ)

Еріген қардан жолдарда үлкен сулар пайда болды. Қозғалу кезінде судың астында жасырын шұңқырлар көрінбейді. Бұл жол кептелуіне, машиналардың сынуына себеп болады, ал көп жағдайда ЖКО-ға әкеп соғады.

Гагарин көшесінде «Өнім» базарының жанында үлкен шұңқыр пайда болды, бірақ оны бірден байқау мүмкін, себебі ол су астында. Біздің қала тұрғыны алты машина, бірінің артынан бірі осы шұңқырға түскенін көріп, бейнеге түсірді. Барлық жүргізушілерге көлік дөңгелектерін жол жиегінде тұрып ауыстыруға тура келді.

— Мен жақында осы шұңқырға артқы дөңгелегіммен түсіп кеттім. Дөңгелек зақымдамаған жоқ, әйтпесе ауыстыруға тура келетін еді. Машинанамды шұңқырдан шығаруға тоқтаған жүргізушілер көмектесті, – дейді біздің қаламыздың тұрғыны Әсел Әмірова.

Әлеуметтік желілердегі бейнелерді жариялағаннан кейін коммуналдық қызмет қызметкерлері осы орынға шықты.

— Кешке қарай біз суды жолдан тартып шығардық, түнде қиыршық тас қоспасын төгіп, таңертең қиыршық таспен жаптық, — дейді көлік және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Айдар Менеев.

Айдар Менеевтің айтуынша, өкінішке орай, жыл сайын жолдар осындай жағдайға тап болып отыр. Қазір шұңқырларды жөндеу бойынша тендер өтіп жатыр. Қар кеткеннен кейін жолдарды жөндеу басталады. Оны өткізетін ұйым 10 сәуірден кейін белгілі болады. Осы уақытта тендер өткізілетін болады және оны орындау бойынша барлық мерзім сақталады.

Мария Драчева

x
2019-12-09
Утром-2.37 ℃
Днем-1.02 ℃
Вечером-4.99 ℃
Ночью-5.91 ℃
Влажность86 %
ДавлениеhPa 1021
Скорость ветра2.11 м/с
2019-12-10
Утром-6.71 ℃
Днем-3.29 ℃
Вечером-6.59 ℃
Ночью-7.46 ℃
Влажность81 %
ДавлениеhPa 1024
Скорость ветра1.27 м/с