17 наурыз күні БҚО кеден бекеті ауданында апаттан қаза болғандарды жер қойнына тапсырды

Олар ерлі зайыптылар екен, наурызда күйеуі 57, ал жазда әйелі 58 жасқа толар еді. Олардың екі ересек қыздары кенеттен болған қазаға қатты қайғыруда.

Ашық көздерден алынған иллюстрациялық фото

– Олар жұбайымен бірге Самараға бара жатқан, күйеуі жеке тасымалдаумен айналысқан. Көліктің артында екі жолаушы болған, олардың біреуі Самараға операцияға келе жатыр екен. Жас жігіттер, біреуі-25, екіншісі-26 жаста. Оларға жүк көлігі соғылғанда, соққы әйел отырған жаққа келіп, ол бірден қаза тапты. Содан кейін көлікті кілт бұрып, жүргізуші жағын соққан, ер адам «жедел жәрдем»келгенше қайтыс болды. Қаза тапқандардың артында қалған екі қызы 17 наурызда ата-анасын жерледі. Олар қатты күйзелісте, – дейді отбасының жақын досы.

Екі жігіт «жедел жәрдем» автокөлігімен ауруханаға жеткізілді.

— Олардың біреуі амбулаторлық емге жазылып, екіншісі хирургия бөлімінде ауыр халде жатыр, — деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Полиция департаменті да жол-көлік оқиғасына түсініктеме берді.

— Орал-Самара тас жолында 14 наурызда таңғы сағат 10-да «Фольксваген Поло» маркалы автокөлігі мен «Вольво»жүк көлігі соқтығысып қалды. Апат салдарынан екі адам қаза тауып, екі адам зардап шекті. . Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі бойынша (Автомобильді, троллейбусты, трамвайды немесе басқа да механикалық көлік құралын басқаратын адамның жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан – белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан жеті жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру) -сотқа дейінгі тергеу ісі жүргізілуде деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

Мария Драчева

x
2019-10-21
Утром1 ℃
Днем9.6 ℃
Вечером7.54 ℃
Ночью7.26 ℃
Влажность50 %
ДавлениеhPa 1030.33
Скорость ветра4.44 м/с
2019-10-22
Утром6.64 ℃
Днем11.17 ℃
Вечером11.2 ℃
Ночью8.74 ℃
Влажность64 %
ДавлениеhPa 1021.59
Скорость ветра5.78 м/с