БҚО гидрологтары су тасқыны мүмкіндігін жоққа шығармайды

Қазіргі уақытта БҚО – ның бірнеше ірі өзендерінде су деңгейі нормадан асады. Ауа райының күрт жылынуынан облыс кенттерін су басуы мүмкін.

Тілеген Шапанов, гидрометеорологиялық бақылау бөлімінің бастығы

Облыс бойынша 22 гидропост жұмыс істейді. Олар Орал, Утва, Өлеңті, Шідерті, Аңқаты сияқты ірі өзендерде орналасқан. Онда судың деңгейі мен температурасын бақылайтын бақылаушылар жұмыс істейді. Гидробекеттерден бізге су тасқыны кезінде гидропрогнозды құрастыратын мәліметтер жіберіледі, — деді БҚО «Қазгидромет» гидрометеорологиялық бақылау бөлімінің бастығы Тілеген Шапанов.

Оның айтуынша, қазір өзендердегі су деңгейі нормадан 2 есе артық.

– Бөрлі ауданында ағып жатқан Утва өзенінде ылғал қоры 601 млн текше метрді құрайды. Өткен жылы бұл өзендегі ылғал қоры 373 млн текше метрді құрады, — дейді Тілеген Шапанов.

Егер күн күрт жылынса, одан кейін жауын-шашын мол болса, онда кенттерді, тұрғын үйлерді және саяжай учаскелерін су басуы мүмкін, деп қосты ол.

Маргарита Зябчук

Фото және бейне: Нұрлыбек Емранов

x
2019-11-18
Утром1 ℃
Днем1 ℃
Вечером0.67 ℃
Ночью0.45 ℃
Влажность74 %
ДавлениеhPa 1031
Скорость ветра3.29 м/с
2019-11-19
Утром1.75 ℃
Днем5.85 ℃
Вечером3.36 ℃
Ночью-4.14 ℃
Влажность74 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра4.9 м/с