БҚО прокурорлары сот орындаушысына айыппұл салды

БҚО мемлекеттік сот орындаушысына іс материалдарын бұрмалағаны үшін айыппұл салынды. Ол сөзбұйдаға салу фактісін жасыру үшін атқарушы істе күнін өзгертіп жазған.

Иллюстрациялық фото

БҚО прокуратурасы БҚО Әділет департаментінің сот орындаушысы жасаған дәлелдемелерді бұрмалау фактісін анықтады.

БҚО прокуратурасының баспасөз мәлімдеуінше, Бөрлі ауданы прокуратурасының қызметкерлері дәлелдемелерді бұрмалауды анықтаған.

«Әділет департаментінің сот орындаушысы М. (аты — жөнін прокуратура көрсетпейді-ред. ескерт.) жеке сот орындаушысының материалы бойынша әкімшілік хаттама жасаудың 2 айлық мерзімін өткізіп (ӘҚБтК 669-бабы бойынша), аталған бұзушылықты жасыру мақсатында құжаттағы күнін өзгертіп, сотқа жіберді», — делінген прокуратураның баспасөз хабарламасында.

Прокуратура органдарының араласуының арқасында азамат заңсыз әкімшілік жауапкершілікке тартудан босатылды.

Бұрмалау фактісі сот орындаушысының өзіне қатысты әкімшілік іс үшін себеп болды. 7 ақпанда Сот осы істі қарап, қаулы шығарды,оған сәйкес сот орындаушысы ӘҚБтК-нің 660-бабының 2-бөлігі бойынша дәлелдемелерді бұрмалағаны үшін жауапкершілікке тартылып, 126 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Сот актісі заңды күшіне енді.

«Бөрлі ауданының прокуратурасы өткен жылы атқару өндірісінің заңдылығын қадағалау саласында 4 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылып, қадағалау актілері бойынша 16,8 млн теңге өндірілді»,-делінген БҚО прокуратурасының баспасөз хабарламасында

x
2019-10-14
Утром11.11 ℃
Днем15.95 ℃
Вечером11.4 ℃
Ночью8.95 ℃
Влажность58 %
ДавлениеhPa 1017.36
Скорость ветра8.23 м/с
2019-10-15
Утром10.15 ℃
Днем20.19 ℃
Вечером14.92 ℃
Ночью9.04 ℃
Влажность45 %
ДавлениеhPa 1012.23
Скорость ветра12.05 м/с