Ер адам өтіп бара жатқан адамдардың көзінше өзіне пышақ салды (БЕЙНЕ)

Ер адам «Мирлан» орталық базарында өтіп бара жатқан адамдардың көзінше өзіне пышақ салды. «Жедел жәрдем» оны көп салалы ауруханаға жеткізді.

Оқиғадан кейін жерде үлкен қан іздері қалды/ / Фото оқиға куәгерлері ұсынған.

Оқиға күннің бірінші жартысында сүт павильонының жанында орын алған.

— Сағат 12: 23-те «жедел жәрдем» пультіне дабыл келіп түсті. 12:29-да «жедел жәрдем» көлігі базарға келді. Ер адам облыстық көп салалы ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сакпусунова хабарлады.

Зардап шегуші туралы мәліметтер әлі белгісіз. «Облтық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, ол 50 жаста. ІІД баспасөз қызметінің айтуынша, 39 жастағы ер адам.

Көрші сөрелердің сатушылары оны Сабыр деп атады. Ол киім сатады және үнемі күйзелісті жағдайында болды. Ер адам сатып алушылармен жанжалдасуға тіпті төбелесуге дейін барған жағдайлар болған.

Ер адам көрші сөрелердің сатушылары мен өтіп бара жатқан адамдардың көзінше өзіне пышақ салды //Фото оқиға куәгерлері тарапынан берілген.

— Бұл оқиғаны көрген адамдар әлі өз-өздеріне келе алар емес. Базарда барлық жерде корвалол иісі бар, — дейді зардап шегушінің сөресімен көрші орналасқан сауда сөрелерінің бірінің сатушысы.

Маргарита ЗЯБЧУК

Бейне: Нұрлыбек Емранов

x
2019-11-13
Утром5 ℃
Днем5 ℃
Вечером5 ℃
Ночью1.94 ℃
Влажность72 %
ДавлениеhPa 1031
Скорость ветра4.39 м/с
2019-11-14
Утром0.1 ℃
Днем3.97 ℃
Вечером1.98 ℃
Ночью0.68 ℃
Влажность69 %
ДавлениеhPa 1035
Скорость ветра4.34 м/с