Оралда он үш жасар қыз терезеден секіріп кетті

Алтыншы сыныпта оқитын қыз анасымен бірге тұратын пәтердің жетінші қабатынан секірген.

Ашық көздерден алынған иллюстрациялық фото

— 18 наурыз күні сағат 11.15-те «жедел жәрдем» стансасына шақырту келіп түсті. 6 минуттан кейін «жедел жәрдем» көлігі шақыртуға келді. Үшінші және төртінші омыртқаның компрессиялық сынығымен ауыр жарақат алған қызды қалалық көп салалы ауруханаға жеткізілді, — деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Қыз анасымен ұрысып қалғаннан кейін терезеге жүгірген. Полиция департаментінде осы жағдайға түсініктеме берді.

— Баланың өзіне-өзі қол жұмсау әрекеті болды, қыз ауруханаға жатқызылды. Қазіргі уақытта кәмелетке толмағанның өзіне — өзі қол жұмсау фактісі бойынша тергеу жүргізілуде,-деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

Мария Драчева

x
2020-05-30
Утром25 ℃
Днем25 ℃
Вечером25 ℃
Ночью22.83 ℃
Влажность47 %
ДавлениеhPa 1006
Скорость ветра4.07 м/с
2020-05-31
Утром19.87 ℃
Днем25.05 ℃
Вечером22 ℃
Ночью16.02 ℃
Влажность42 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра8.66 м/с