Оралда полиция күшейтілген қызмет түріне көшуде

БҚО ІІД жеке құрамы қызмет атқарудың күшейтілген нұсқасына көшеді. Мұндай хабарламаны президент Назарбаевтың халық алдында президент постынан кететіндігі туралы мәлімдеме жасағаннан соң бір сағаттан кейін БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі таратты.

Иллюстрациялық фото. Фото tengrinews.kz

Полиция баспасөз қызметі хабарламасының толық мәтіні: «Ағымдағы жылдың 21-25 наурыз аралығында тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтың алдын алу, жолын кесу мақсатында БҚО полиция департаментінің жеке құрамы қызмет атқарудың күшейтілген нұсқасына көшіріледі.

Сондай-ақ адамдардың қауіпсіз демалуы үшін көңіл көтеру орындары бойынша патрульдеу ұлғайтылады, БҚО полиция департаменті мен ҚР ІІМ Ұлттық гвардиясының барлық қызметтерінің жеке құрамын тарту есебінен жаяу және автомобильдік патрульдеу нарядтары нығыздалады.

БҚО ПД баспасөз қызметі.»

x
2019-07-24
Утром25 ℃
Днем29.28 ℃
Вечером26.33 ℃
Ночью18.21 ℃
Влажность42 %
ДавлениеhPa 1015.48
Скорость ветра3.08 м/с
2019-07-25
Утром18.33 ℃
Днем27.29 ℃
Вечером26.15 ℃
Ночью20.58 ℃
Влажность43 %
ДавлениеhPa 1013.48
Скорость ветра5.34 м/с