Орал емханасында сапасы нашар сүт қоспасы берілді (БЕЙНЕ)

6 айдан 12 айға дейінгі балаларды тамақтандыруға арналған осындай қоспаны 8 айлық баласы бар жас ана алды. Баласы туғаннан ембегендіктен оған қоспаны №2 емханада береді.

Юлия Матвеева-сегіз айлық баланың анасы

«Орал апталығы» редакциясына екі баланы жалғыз өзі тәрбиелеп отырған жас ана Юлия Матвеева жүгінді. Әйел құрғақ қоспа қолдануға мүлдем жарамсыз дейді.

— Мен емханадан қоспаны екінші балам туғаннан аламын. Маған оны менің медициналық көрсеткіштеріме байланысты береді. Қоспа басқа болғанда, бәрі жақсы болатын,ал мереке алдында мен жаңасын алдым. Оны әдеттегідей езіп, бөтелкемен балама бердім. Бірнеше жұтым жасаған балам, құсып тастады,тіпті бөтелкені сабалап, теріс айналды. Мен сүтті сынап көрейін деп ішкеннен кейін баламды түсіндім. Сүтті ішпек түгілі, иіскеу мүмкін емес.. Иісі сасыған балықтың иісіне ұқсас болды, – дейді Юлия.

Жас ананың айтуынша, ол бірден өз учаскісіндегі медбикеге қоңырау шалған. Баласына үйлесетін, осыған дейін алған қоспаға ауыстырып беруді өтінген.

— Мен» Nestogen » алған кезде бала қуана жейтін, ал қазір мен оны әдеттегі тағаммен тамақтандырудамын… «Mamelle» 2 жаңа қоспасы жарамсыз. Менде сегіз қорап бар, біреуі ашылды. Егер кері алмаса, ақшасын төлей ме екен білмеймін. Медбике маған «сізге «Nestogen» берілмейді, өйткені біз оны 6 айға дейін балаларға береміз, ал сіздің балаңызға 8 ай,сондықтанда біз «Mamelle»береміз дейді. Бірақ бұл қоспаны қолдану мүмкін емес. Басқа аналар менің таныстарым мұндай қоспамен мүлдем тап болмаған,- дейді әйел.

Оның айтуынша олардың учаскілік медбикесі Юлия қоспаны сараптамаға апарамын деп қорқытқаннан кейін ғана, алып келіңіз бұл жағдайда не істеуге болатынын шешеміз деген. Сосын барып қоспа салынған қорапты кері әкелген.

Юлиямен бірге емханаға «Орал апталығының» журналистері барды. Юлия жүгінгісі келген аға медбике сабақта болғандықтан, орнында болған жоқ. Бірақ емхананың бас дәрігері Кашура Әжғұлова және оның емдеу ісі жөніндегі орынбасары Әмина Дармағанбетова сол жерде болды. Юлия қоспасы бар қораппен және шөлмегімен бірге бас дәрігердің кабинетіне кірді.

– Юлия, Сіз неге бірден маған келмей, газетке жүгіндіңіз, – деп сұрады Кашура Әжіғұлова әйелден.

Юлия мейрамнан кейін бірден келгенін түсіндірді.Ол жанжалдау мен ұрыссу үшін емес, бұл қоспаның басқа балаларға зиян келтіруі мүмкін деп алаңдайтынын айтты. Өйткені, басқа қораптарда не бар екені белгісіз.

Дәрігерлер әйелді мұқият тыңдап, оның мәліметтерін жазып, қандай шара қолданатынын түсіндірді.

– Балалар тамағын сатып алумен біз өзіміз айналысамыз. Қоспамен жағдай-бірінші боп тұр. Бұған дейін шағым болған жоқ. «Mamelle» қоспасын біз қаңтардан бастап береміз. Бізге құрғақ қоспаны «Babu Food» KZ жеткізеді. Біз жеткізушіні шақырып, тиісті акт жасап, осы қоспаға сараптама жүргізіп, оның мәлімделген сипаттамаларға сәйкестігін нақтылайтын боламыз. Бұл жағдайды біз осылай қалдырмаймыз, – деді Кашура Әжіғұлова.

Бас дәрігердің орынбасары Юлияның барлық мәліметтерін жазып алды.

– Өнім беруші келгенде, біз Юлияға, сондай – ақ журналистерге қоңырау шаламыз, ол бізге де,сізге де қалыптасқан жағдайды түсіндіру үшін, – деді Әмина Дармағанбетова.

Айта кету керек, биылғы жылдың 20 ақпанында № 2 емхана құрғақ балалар қоспасын сатып алуға тендер өткізді. Сатып алуға бөлінген сома 1,5 млн.теңгеге жуық болды. тендерді «Babu Food» KZ » ЖШС компаниясы 904 296 мың теңге сомаға жеңіп алды.

Мария Драчева

Бейне: Нұрлыбек Емранов

x
2019-12-09
Утром-3.15 ℃
Днем-1.76 ℃
Вечером-4.99 ℃
Ночью-5.91 ℃
Влажность86 %
ДавлениеhPa 1021
Скорость ветра2.11 м/с
2019-12-10
Утром-6.71 ℃
Днем-3.29 ℃
Вечером-6.59 ℃
Ночью-7.46 ℃
Влажность81 %
ДавлениеhPa 1024
Скорость ветра1.27 м/с