Оралда Ауған соғысына арналған жәрдемақы көлемі артты. Бірақ оны жылына тек бір-ақ рет төлейді

Жаңа жәрдемақы азаматтардың үш санаты – Ауған соғысы ардагерлері, осы соғыс мүгедектері мен қаза тапқандардың отбасылары алатын болады.

фото zonakz ақпараттық порталынан алынған.

— Ауған соғысына қатысушылар мен мүгедектер, сондай — ақ қаза тапқан жауынгерлердің отбасылары естелік датаға жылына бір рет 50 мың теңге алатын болады, – деп хабарлады қалалық жұмыспен қамту бөлімінің бастығы Қырмызы Айткалиева қалалық мәслихат кеңесінің 28 ақпанындағы отырысында.

Мәслихат депутаттары жәрдемақының жаңа мөлшерін бекітуге бірауыздан дауыс берді.

Қырмызы Айткалиеваның айтуынша, бұған дейін Ауғаныстандағы соғысқа қатысушылар мен мүгедектер 30 мың теңге алып, Ауғанстанда қаза тапқан сарбаздардың отбасылары 20 мың теңге алды. Сонымен қатар ай сайын ауғандықтар коммуналдық шығындарды төлеу үшін жергілікті бюджеттен ай сайын 2 АЕК (шамамен 5 мың теңге) мөлшерінде әлеуметтік көмек алады.

Алпамыс Диясов

x
2019-07-18
Утром31 ℃
Днем31 ℃
Вечером31 ℃
Ночью22.4 ℃
Влажность50 %
ДавлениеhPa 1006.58
Скорость ветра4.17 м/с
2019-07-19
Утром21.8 ℃
Днем27.59 ℃
Вечером25.8 ℃
Ночью19.37 ℃
Влажность44 %
ДавлениеhPa 1010.54
Скорость ветра3.89 м/с