Оралда жол-көлік оқиғасынан егде әйел қаза тапты
№2 маршрутта жүрген жолаушылар автобусының соқтығысуынан 82 жастағы әйел көз жұмды. Сотқа дейінгі тергеу басталды.

– 28 наурыз күні сағат 10:00-де Орал қаласы Н. Назарбаев даңғылы бойында №2 маршрут автобусының жүргізушісі 1937 жылы туған әйелді қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасының салдарынан жаяу жүргінші алған жарақатынан ауруханада көз жұмды. ҚК 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – деп хабарлады Болатбек Белдібеков, БҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі.
Маргарита Зябчук