БҚО-да өткен жылы жұмыс орнында 6 адам қаза тапқан

Еңбекті қорғаудағы қауіпсіздік шараларын бұзу мен сақтамау кәсіпорындарда қайғылы оқиғаларға әкеп соқтырады. Ұйым қызметкерлері жарақаттар, кәсібіне байланысты аурулар, кей жағдайда қаза болып жатады.

Иллюстрациялық фото

– Соңғы уақытта ұйымдағы қызметкерлердің қауіпсіздігі өте төмен деңгейде. Кәсіподақ орталығы 2018 жылдың мамыр айында облыс әкімдігінде үш жылға арналған «Қауіпсіз еңбек» бағдарламасына қол қойды. Бағдарламаның мақсаты-жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларын жақсарту. Жарақат қауіптілігінің зиянды факторларының төмендеуі. Еңбекті қорғау мен қауіпсіздігін реттейтін заңнамалық базаны қайта қарау. Кәсіподақтар бар ұйымдарда 400 – ден астам өндірістік кеңес құрылып, 492 техникалық инспектор жұмыс істейді, – деді «БҚО Кәсіподақ орталығы»төрағасының орынбасары Бауыржан Атауов.

Бауыржан Атауовтың айтуынша, жыл сайын жұмыс орындарында жазатайым оқиғалар мен кәсіби аурулар салдарынан 2 млн. жуық ерлер мен әйелдер көз жұмады– орта есеппен күніне 6 мың адам. Бүкіл әлем бойынша 340 млн. жазатайым оқиға тіркелген. Кәсіби аурулармен ауыратындар, осындай жағдайлар үшін160 млн.адам зардап шегеді.

– 2019 жыл, «Еңбекті қорғау жылы» деп жарияланды. Бұл еңбекті қорғау мәселесіне назар аудару және жұмыс орнындағы өлім-жітімді азайту үшін жасалған. Өндірістегі жазатайым оқиғалардан тек қызметкерлер ғана емес, жұмыс берушілер де зардап шегеді. Қызметкердің жарақаттануы отбасының табысын төмендетеді,себебі оны алған адам бес жыл ішінде жұмысқа қабілеттілігін 40% жоғалтады. Отбасында кейде біреу зардап шеккендерге күтім жасау үшін өз жұмысын қалдырады. Жұмыс беруші жоғары жалақы төлеуге, өтемақы және қысқартылған жұмыс күнін ұсынуға мәжбүр,- деді БҚО еңбек инспекциясы басшысының орынбасары Арман Түйгенбетов.

Арман Түйгінбетов, сондай – ақ жазатайым оқиғалар өткен жылы көбінесе құрылыс саласында – 15 адам, бюджеттік ұйымдарда – 18 адам, энергетика өнеркәсібінде – 3 адам, экономика салаларында-19 адам болғанын айтты.

Құлау кезінде зардап шеккендер-10 адам

Биіктіктен құлаған кезде-12 адам

ЖКО-да-13 адам

Жұмыс берушінің кінәсінен жазатайым оқиғалар-59 %

Қызметкердің кінәсінен-29%

Екі тараптың да кінәсінен-12%

Арман Түйгенбетовтің айтуынша, қауіпсіз еңбек жағдайы және оны қорғау мәдениеті дамыған елдер әлемдік нарықта жоғары бәсекеге қабілеттілігімен ерекшеленеді. Ал еңбек саласындағы төмен стандарттар тұрақсыздыққа және экономика деңгейінің төмендеуіне, кәсіпорындар мен бүкіл ел бойынша әкеледі.

Мария Драчева

x
2019-10-22
Утром11 ℃
Днем11 ℃
Вечером10.27 ℃
Ночью9.88 ℃
Влажность60 %
ДавлениеhPa 1022
Скорость ветра5.21 м/с
2019-10-23
Утром8.27 ℃
Днем14.24 ℃
Вечером11.12 ℃
Ночью10.37 ℃
Влажность64 %
ДавлениеhPa 1021
Скорость ветра2.5 м/с