Орал бюджеті 5,4 млн теңгеге ұлғайды

Қалалық бюджеттен қаражат тұрғын үй құрылысына, жолдарды жөндеуге, білім беруге, аулаларды абаттандыруға және мамандарды жұмысқа орналастыруға бағытталады.

Иллюстрациялық фото.

– Облыстан қалалық бюджетке 3 512,8 мың теңге түсті. Қаланың табысы 2,2 млн. теңгені құрады. Осылайша қала бюджеті 5,4 млн теңгеге артты, – деп хабарлады бүгін қалалық мәслихат отырысында Орал қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Альмира Төлегенова.

Бюджеттік жоспарлау басшысының айтуынша, 2019 жылға арналған қалалық бюджет 44,6 млн теңгені құрайды.

— Облыстық бюджеттен «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында тұрғын үйлер мен инженерлік коммуникациялардың құрылысына 2,2 млн теңге бөлінді. Қала жолдарын жөндеуге – 340,6 млн теңге. Аулаларды абаттандыруға – 221, 8 млн теңге. Оқулықтарды сатып алуға-647, 3 млн теңге. Жұмысшы кадрларды оқытуға және жұмысқа орналастыруға — 57,5 млн. теңге, — деп хабарлады Альмира Төлегенова.

Бюджеттік жоспарлау басшысы атап өткендей, газбен жабдықтау қалалық бюджет есебінен жүргізілетін тұрғын аудандар назардан тыс қалмайды.

– 31,2 млн теңге көлеміндегі шығындар қаланың солтүстік-шығыс бөлігіндегі тұрғын үй массивін газбен жабдықтауға жұмсалады. Білім беру объектілерін ұстауға 285,3 млн.теңге. Мәдениет нысандарын жөндеуге-16 млн теңге. 158 млн теңге көлеміндегі шығындар әлеуметтік қорғауға, жастар саясатына және спорттық іс — шараларды өткізуге жұмсалады, – деді Альмира Төлегенова.

Осы шығындардан басқа, бюджеттік жоспарлау басшысының айтуынша, ақша тұрғын үйлерді абаттандыруға, оның ішінде тәуліктің қараңғы уақытында жарықтандыруды ұйымдастыруға жұмсалады.

– Тұрғын үй-коммуналдық салаға 544 млн теңге, соның ішінде жол-көпір шаруашылығын күтіп-ұстау және тұрғын үйлерді жаңғыртуға. Жолаушылар тасымалын қаржыландыруға 20,0 млн.теңге бөлінеді. Цифрландыру шеңберінде іс-шараларды өткізуге 20,0 млн.теңге. жобалық-сметалық құжаттамаларды әзірлеу және аяқтау, оларды сараптау үшін 81,1 млн.теңге бөлінді, — деп хабарлады бюджеттік жоспарлау басшысы.

Маргарита Зябчук

x
2019-10-21
Утром1 ℃
Днем9.6 ℃
Вечером7.54 ℃
Ночью7.26 ℃
Влажность50 %
ДавлениеhPa 1030.33
Скорость ветра4.44 м/с
2019-10-22
Утром6.64 ℃
Днем11.17 ℃
Вечером11.2 ℃
Ночью8.74 ℃
Влажность64 %
ДавлениеhPa 1021.59
Скорость ветра5.78 м/с