Оралдан Алматыға 13 мың теңгеге ұшуға болады

FlyArystan әуекомпаниясы Алматы-Орал рейсіне билет сатуды бастады. Олардың құны 12 999 теңгеден басталады.

Авиарейстер мамыр айының алғашқы күндері басталады.

Бүгін, 29 наурызда авиакомпанияның билеттерін ресми сату басталды. FlyArystan алғашқы рейсі 1 мамырға Алматы-Тараз бағыты бойынша жоспарланған.

2 мамырда әуекомпания Алматы-Орал бағыты бойынша рейс жасайды, оған да билеттер сатылымда бар. Билеттің құны әуежайдың жолаушылар алымдарын қоса алғанда, бір жаққа 12 999 теңгеден басталады.

Оңтүстік астанадан Батыс Қазақстан облысының әкімшілік орталығына тікелей рейсті Airbus A320 әуе лайнерлері қызмет көрсететін болады.

«Алматы мен Оралдың арасы 2500 шақырымнан асады, оны басқа көлік түрлерімен кемінде үш күн жүріп еңсеруге болады. Біз бұдан былай Қазақстанның ең әдемі қалаларының бірі — Батыс өңірінің мақтанышы Орал қаласына аптаның кез-келген күні, Алматыдан бар болғаны екі сағат ішінде жетуге болатынына қуаныштымыз», – деп атап өтті Жанар Жайлауова.

«Жолаушыларға қосымша багаж, борттық тамақ, орын таңдау және басқа да қызметтер ұсынылады», – деп атап өтті компанияда.

FlyArystan бюджеті төмен авиакомпаниясын «Эйр Астана»базасында құрды. Лоукостер құны ішкі авиатасымалдар нарығындағы қолданыстағы тарифтерден төмен авиабилеттерді ұсынады. Орта мерзімді перспективада жақын шетел бағыттары бойынша FlyArystan маршруттық желісін кеңейту күтілуде.

x
2019-09-20
Утром7 ℃
Днем7 ℃
Вечером7 ℃
Ночью7 ℃
Влажность59 %
ДавлениеhPa 1013.98
Скорость ветра2.4 м/с
2019-09-21
Утром8.05 ℃
Днем13.7 ℃
Вечером11.72 ℃
Ночью7.4 ℃
Влажность48 %
ДавлениеhPa 1008.73
Скорость ветра2.81 м/с