Әуе апатынан қаза тапқан капитанның отбасына Орал мен облыс әкімдігі көмек көрсетеді

Он үш әскери қызметкердің бірі БҚО Сырым ауданынан туған.

Фото ашық әлеуметтік желіден алынды

30 жастағы Мәселім Сырым Мәлкейұлы капитан атағында болды. Ол БҚО Сырым ауданы Аралтөбе ауылында дүниеге келген.

– Сырым 2011 жылы Т. Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс Әскери институтын бітірген. Үйленген,артында үш жасар ұлы қалды. Сырымның ата-анасы Оралда тұрады. Қала әкімі Мұрат Мұқаев оларға барып көңіл айтты, сондай-ақ, ол ата-аналарға облыс әкімінен қолдау білдірді. Мұрат Мұқаев Сырымның ата — анасына жерлеуді ұйымдастыруға барлық қажетті көмек көрсететіндігіне уәде берді,-деп хабарлайды Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, 27 наурызда белгісіз жағдайда Ми-8 тікұшағы апатқа ұшырады. Қызылорда облысының Жалағаш ауданында тікұшақ құлады. Әуе апатынан 13 әскери қызметкер қаза тапты.

Мария Драчева

x
2019-10-21
Утром1 ℃
Днем9.6 ℃
Вечером7.54 ℃
Ночью7.26 ℃
Влажность50 %
ДавлениеhPa 1030.33
Скорость ветра4.44 м/с
2019-10-22
Утром6.64 ℃
Днем11.17 ℃
Вечером11.2 ℃
Ночью8.74 ℃
Влажность64 %
ДавлениеhPa 1021.59
Скорость ветра5.78 м/с