Қазақстанда егуден бас тартқаны үшін айыппұл енгізілуі мүмкін

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ата-аналардың балаларға арналған екпеден бас тартуы туралы айтты, деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

«Өкінішке орай, бізде екпеден бас тартқан жағдайлар бар», — деді министр.

Денсаулық сақтау министрі бұл мәселені шетелде қалай шешетінін айтты.

«Германияда, мысалы, мұндай балаларды мектепке жібермейді. Бізде ондай жоқ», – деді ол.

Денсаулық сақтау министрі екпеден бас тарту туралы мәселе денсаулық кодексінде пысықталатынын айтты.

«Әрине, сарапшылармен, қоғамдық ұйымдармен бірге талқылайтын боламыз. Әзірге шешім қабылданған жоқ», – деді Елжан Біртанов.

x
2020-01-23
Утром0 ℃
Днем1.51 ℃
Вечером-2.94 ℃
Ночью-5.29 ℃
Влажность95 %
ДавлениеhPa 995
Скорость ветра0.68 м/с
2020-01-24
Утром-12.36 ℃
Днем-9.73 ℃
Вечером-14.62 ℃
Ночью-13.64 ℃
Влажность91 %
ДавлениеhPa 1013
Скорость ветра2.98 м/с