Орал НЗМ оқушысы АҚШ және Гонконг жоғары оқу орындарының 11 грантын жеңіп алды

Физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Алина Молдағалиева АҚШ және Гонконгтің 11 білім беру гранттарынның иегері атанды.

Ұсынылған гранттардың ішінен Алина Пенсильвания штаты, Филадельфия қаласындағы Drexel University грантын таңдады. Жас интеллектуал АҚШ-тың президенттік гранты мен Drexel білім беру грантына ие болды. Университетті бітіргеннен кейін Алина «Химия инженерия» мамандығы бойынша «бакалавр» және «магистр»дәрежелеріне ие болады.

НЗМ мен үшін жаңа есіктерді ашып, өмірлік қажетті дағдыларды дамытты. Үштілділік саясаты жаһандану дәуірінде қазіргі қоғамның лайықты азаматы болуға мүмкіндік береді. Ұсынылған 11 гранттың алтауы толық, қалғаны университеттерде оқуға жеңілдік береді. Мен таңдаған DrexelUniversity артықшылығы-бірінші курстан бастап компанияларда жұмыс істеуге және тәжірибе жинақтауға болады. Болашақта мен Отанына ораламын және химиялық инженерия бағытын дамытамын, – деді Алина.

Алина-«Алтын белгі» атағына үміткер, Мәскеу қ.МФТИ химиясы бойынша халықаралық онлайн олимпиадасының жүлдегері, БҰҰ моделінің мектеп конференциясында BestSpeechCertificate («ең үздік сөз») иегері, FLEX көшбасшыларын алмасу бағдарламасының финалисті және АҚШ-та JohnsHopkinsUniversity CTY қатысушысы, шаңғы спорты бойынша қала чемпионы және балдық-спорттық биден облыс чемпионы. Әлеуметтік салада белсенді қатысады: Ironman 70.3 Astana және GlobalConferenceonPrimaryHealthCare сияқты ірі халықаралық оқиғаларда ерікті.

Орал НЗМ баспасөз қызметі.

x
2019-12-09
Утром-2 ℃
Днем-2 ℃
Вечером-2 ℃
Ночью-4.08 ℃
Влажность76 %
ДавлениеhPa 1022
Скорость ветра2.92 м/с
2019-12-10
Утром-6.03 ℃
Днем-2.59 ℃
Вечером-5.76 ℃
Ночью-6.61 ℃
Влажность85 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра0.76 м/с