Оралда интернат балаларынан ішек жұқпасы табылған жоқ

«Мектептің барлық оқушылары бақылауда, олар сабақтарында,ешқандай шағым жоқ» — деп түсіндірді БҚО денсаулық сақтау департаментінің басшысы

Оралдағы М. Өтемісов атындағы мектеп — интернат.

— 5 сәуірде, медициналық изоляторда 11 баланы денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс инфекционисті қарап шықты. Ішек инфекциясы анықталған жоқ. Ангинасы бар бір баланы қоспағанда, қалғандары ЖРВИ диагнозы қойылған. Жеті баланы интернатқа ауыстырды, үш баланы демалыс күндері оқшаулағышта бақылаумен қалдырды. Барлық оқушылар мен мектеп қызметкерлері де қаралды,- деп хабарлады денсаулық сақтау департаментінің басшысы Жайдар Құрманов.

Сондай-ақ, білім беру басқармасында да оқиға жөнінде түсініктеме берілді.

– Мектеп дәрігерлері барлық медициналық процедураларды жүргізді, оқушылар бақылауға алынды. Мектеп бекітілген №6 қалалық емхананың дәрігер-инфекционисті шақырылды. Оқушылардың жағдайы қанағаттанарлық, дене қызуының жоғарылауы және құсу болған жоқ. 5 сәуірдегі жағдай бойынша (сағ 16.30) изоляторда 3 оқушы болды, – деп хабарлады білім басқармасының баспасөз хатшысы Үміт Жәңгірова.

Мектеп – интернат директоры Майра Есенғазиеваның айтуынша, бүгінгі күні барлық балалар сабақ үстінде.

Мария Драчёва

x
2019-08-23
Утром22 ℃
Днем22 ℃
Вечером22 ℃
Ночью20.25 ℃
Влажность51 %
ДавлениеhPa 1019.99
Скорость ветра4.75 м/с
2019-08-24
Утром18.28 ℃
Днем28.83 ℃
Вечером25.42 ℃
Ночью19.2 ℃
Влажность41 %
ДавлениеhPa 1019.15
Скорость ветра5.77 м/с