Қазақстанда мерзімінен бұрын президент сайлауы өтеді

Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауы 9 маусымда өтеді, деп мәлімдеді республикалық телеарналар эфиріндегі қазақстандықтарға арнаған үндеуінде Қасым-Жомарт Тоқаев.

«Ел Конституциясына сәйкес мен 2019 жылғы 9 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы шешім қабылдадым. Мен осы мәселе бойынша Елбасы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен кеңесіп, Парламенттің екі палатасының спикерлерімен, елдің премьер-министрімен кеңесіп, Конституциялық Кеңеспен өз шешімді келістіріп, парламенттік партиялардың көшбасшыларымен кездестім. Мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы шешім маңызды және қажет», — деді Тоқаев.

Ол «Елбасының арқасында біз табысты мемлекет құрдық», «халықаралық қауымдастықта лайықты орын алдық, біздің елімізбен бүкіл әлемде санасады», – деп атап өтті. Ал жоғарғы биліктің тыныш «жағдайда»берілуі, Конституцияға толық сәйкес әлемдік қауымдастық тарапынан Қазақстанға деген құрметке ие болды».

«Президент қызметіне кіріскен сәттен бастап, мен өңірлерге сапарлап бардым, зиялы қауыммен, еңбек ұжымдарымен, бизнес өкілдерімен, инвесторлармен, халықаралық қайраткерлермен кездесіп, адамдардың көңіл-күйін білдім. Біздің дана халқымыз бір. Мемлекет біздің тәуелсіздігіміздің жоғары құндылығы ретінде мызғымас. Сондықтан, мемлекет басшысының мерзімінен бұрын сайлауы өте қажет деп ойлаймын. Қоғамдық, саяси келісімді қамтамасыз ету үшін, алға нық қадам басып, әлеуметтік-экономикалық даму міндеттерін шешу үшін кез келген белгісіздікті алып тастау қажет. Сонымен қатар, әлемдегі жағдай біз үшін жақсы емес», — деп түсіндірді Тоқаев.

Ол «біздің ішкі және сыртқы саясатымыздың сабақтастығын, болжамдылығын, тұрақтылығын растау», «Елбасының әлеуметтік бағдарламалары мен стратегияларын тиімді, табысты іске асыру жөніндегі жұмысты жалғастыру», – деді.

«Мұны тек қана сайлауда халықтың еркін білдіруі арқылы жасауға болады», — деді ол.

Тоқаев қазақстандықтарды алдағы сайлауға жауапкершілікпен қарауға шақырды және оларды адал өткізуге уәде берді.

«Қазақстан-демократиялық мемлекет. Президент халықтың еркі бойынша сайланады. Қазіргі мемлекет басшысы ретінде мен сайлау адал, ашық, әділ өтетініне кепілдік беремін. Бұл менің қағидатты ұстанымым. Біздің алдымызда үлкен міндеттер тұр, мен халқымыздың даналығына сенемін. Құрметті отандастар, халық даналығы-жасампаздық бірлік бар жерде болады. Сіздерді алдағы сайлауға жауапкершілікпен қарауға шақырамын. Еліміздің болашағы мен әрбір қазақстандық отбасының тағдыры сіздің шешіміңізге байланысты», – деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, 19 наурызда Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарға өз қызметінен кететінін мәлімдеген болатын. Ол мұны биылғы жылы «ең жоғары лауазымда отырғанына» 30 жыл болатынымен байланысты екенін айтты.

«Мен тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш президенті болып, ұлы халқымның ұлы құрметіне ие болдым», — деді Назарбаев.

Сонымен қатар, ол Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы, «Нұр Отан» партиясының басшысы, Конституциялық кеңестің мүшесі болып қала беретіндігін айтты, сондай – ақ ол заңдарға Тұңғыш Президент-Елбасы, Ұлт Көшбасшысы мәртебесіне ие екенін еске салды.

Мұрагерге келер болсақ, конституциялық заңнамаға сәйкес сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев тағайындалды.

«Қазіргі президенттің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, оның өкілеттігі сайлау мерзімі аяқталғанға дейін сенат төрағасына көшеді. Содан кейін жаңа президент сайлауы өтеді. Қазіргі уақытта парламент сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев болып табылады, сіздер оны жақсы білесіздер», — деп атап өтті бірінші президент.

Келесі күні, 20 наурызда парламент палаталарының бірлескен отырысында Тоқаев ант беріп, президент қызметіне ресми түрде кірісті. Ал оның орнына сенат спикері болып тұңғыш президенттің қызы Дариға Назарбаева сайланды.

vlast.kz

x
2019-12-10
Утром0 ℃
Днем0 ℃
Вечером-4.58 ℃
Ночью-6.54 ℃
Влажность86 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра0.81 м/с
2019-12-11
Утром-7.51 ℃
Днем-3.62 ℃
Вечером-5.51 ℃
Ночью-6.7 ℃
Влажность84 %
ДавлениеhPa 1021
Скорость ветра1.13 м/с